Жарияланған күні: 11.02.2019 12:23
Өзгертілген күні: 25.02.2019 14:16

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Өскемен қаласында Блокчейн технологиясы және ҚҚС бақылау шотын пайдаланумен ҚҚС әкімшілендіру механизмін енгізу мәселелері  бойынша семинар өткізілді

 

2019 жылы 7 ақпанда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Блокчейн технологиясы және ҚҚС бақылау шотын пайдаланумен ҚҚС әкімшілендіру механизмін енгізу мәселелері  бойынша семинар өткізді.

Семинар тұрғындардың кең ауқымына, атап айтқанда, ірі салық төлеушілеріне, шағын және орта бизнес өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және басқа да ұйымдар үшін арнайы ұйымдастырылды.

Семинарды ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Еркін Жолдасбаев ашты.

Модератор семинардың бағдарламасы және семинарға қатысушылар - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің лауазымды қызметкерлері, ЭШФ АҚ, «1С Рейтинг» ЖШС, ЮНКТАД Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерімен  таныстырды.  

Одан кейін ҚР ҚМ МКК Өтпелі мониторинг басқармасы басшысының орынбасары Маткулова Салтанат Смагуловна «ҚҚС бақылау шотын пайдаланумен ҚҚС енгізу ерекшеліктері» тақырыбына сөз сөйледі. Ол салық төлеушілерге ҚҚС әкімшілендірудің жаңа әдістерімен және BLOCKCHAIN ҚҚС АЖ жұмысының сценариймен тыңғылықты таныстырды.

 «Open System Development» ЖШС бас талдаушысы Михеева И.А. «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйесі және «Виртуалды қойма» қызметі оның ішінде, салық төлеушілер ҚҚС бақылау шотын пайдаланғанда тауарларды есепке алуға қатысты айтып берді.

Салық төлеушілерге «Виртуалды қойма» электрондық жүйесі жұмысын көрсетіп, түсіндірді.

Бұдан кейін бағдарлама бойынша «1-С Рейтинг» ЖШС сарапшысы Гусева В.В. «1-С салық төлеушінің есеп жүйесінде ресімдеу: ҚҚС  бақылау шотын пайдаланудағы бухгалтерия» тақырыбы бойынша сөз алды.

ЮНКТАД Біріккен Ұлттар Ұйымы офисінің үйлестірушісі Губашева У.Б. тауарларды электрондық кедендік декларациялау және «АСТАНА-1» АЖ-не мәліметтерді беру тәртібіне жан-жақты тоқталды.  Бастапқы «АСТАНА-1» АЖ жұмысы туралы айтты, сондай-ақ, осы бағдарламаның сыртқы экономикалық қызметке қатысушалар, сондай-ақ, кедендік операциялармен айналысатын тұлғалар үшін де тиімді екендігін баса айтты.

Салық төлеушілердің өзекті сұрақтарына ҚР ҚМ МКК Өтпелі мониторинг басқармасы басшысы Досмагамбетов Гарифолла Шайзадаевич жауап берді.

Семинар барысында салық төлеушілерден электрондық шот-фактураларды пайдалану тәртібі, жазып беру мерзімі, жазып беру міндеттемесі, электрондық шот-фактураларды толтыру бойынша сұрақтар қарастырылды.

Сондай-ақ, ҚҚС бақылау шотын ҚҚС төлеушілермен пайдалануда ҚҚС қайтару жаңа механизмін енгізу, СЭҚ ТН анықтамалық коды, ҚҚС бақылау шотын пайдалануда «Виртуалды қойма» модулі жұмысы және ҚҚС бақылау шотына енгізуде 1-С бағдарламасында жүзеге асыруға қатысты сұрақтар түсті.

Семинар барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Семинарды қорытындылай келе, Департамент басшылығы қатысушыларға өзара конструктивтік жұмыс үшін алғысын білдірді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)