Жарияланған күні: 15.05.2019 15:49
Өзгертілген күні: 20.05.2019 18:55

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Нурмулдин Дулат Нұрахметұлы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

 

Бүгін, 2019 жылдың 15 мамырында, ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев жаңадан тағайындалған Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нурмулдин Дулат Нұрахметұлын ұжымға таныстырды.

Нурмулдин Дулат Нұрахметұлы, 1967 жылы туылған, ұлты  қазақ, білімі жоғары: Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу заманауи гуманитарлық институтын, Кокшетау гуманитарлық-экономикалық университетін бітірген.

Салық органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде салық инспекторынан бастап, төраға орынбасары, сосын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Ақмола облысы бойынша салық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2014 -2015 жылдар аралығында Ақмола облысының әкімінің орынбасары, 2015 - 2019 жылдар аралығында - Ақмола облыстық маслихатының хатшысы қызметінде болды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары- Қазақстан Ресапубликасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 437-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)