Жарияланған күні: 15.05.2019 17:57
Өзгертілген күні: 20.05.2019 18:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Еркін экономикалық аймақтар бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық форумы

 

2019 жылдың мамыр айының 15-і мен 17-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Еркін экономикалық аймақтар (ЕЭА) бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық форумы өтуде.

Форумға қатысушы елдердің 30-дан астам Дүниежүзілік кеден ұйымы, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі, Европалық комиссия, ЕЭК, мүдделі мемлекеттік органдардың кеден қызметі өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  ЕЭА операторларының өкілдері қатысты.

Форумның тақырыбы Қазақстан Республикасының аумағында ЕЭА-дағы сауданы жеңілдету және кедендік бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізудің қажеттіліктері мен басымдықтарын қанағаттандырады.

Қаржы Вице-министрі Қанат Баеділов пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде ЕЭА аумағында жұмыс істейтін іскер топтарға ұсынылатын мүмкіндіктердің кең спектрін атап өтті: инфрақұрылым, салықтық және кедендік жеңілдіктер және жеңілдетілген бақылау рәсімдері.

ЕЭА қызметінің оң әсерін, сонымен қатар, ЕЭА-ның дамуы мен сауданы жеңілдету рәсімін шешудің маңыздылығы сияқты ағымдағы мәселелерді атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бейспеков Өмірзақ баяндамамен сөз сөйледі және Евразиялық Экономикалық Одақтың  жаңа Кедендік кодексінің қабылдануымен еркін экономикалық аймақтар саласындағы көптеген өзекті мәселелердің реттелгенін, сонымен қатар, оларға қойылған талаптардың халықаралық кеден стандарттарына сәйкес келтірілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ө. Бейспеков Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдастыру тәртібінің айтарлықтай жеңілдетілгенін де атап өтті. Еркін экономикалық аймақтардың қатысушылары мен әкімшілігі үшін экспорттық-импорттық және кедендік операцияларды айтарлықтай жеңілдетуді көздейтін бірқатар ережелер енгізілді. Электрондық декларациялау басымдығы, тауарды шығару мерзімдерін қысқарту сияқты кедендік рәсімдерге қолайлы жағдайлар мен кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару «Постфактум» кедендік тазарту режимі енгізілді. Осы аталған барлық шаралар еркін экономикалық аймақтар территорияларында өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.

ЕЭА мемлекеттік экономикалық саясаттың  басты құралы болып табылады, мұнда экспорттық әлеуетті арттыруға әкелетін неғұрлым тартымды инвестициялық климат құру және белгілі бір саланы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мүмкіндігі бар.

Форумның алгоритмі күн тәртібінде ЕЭА-ның экономикалық артықшылықтары, кедендік бақылау рәсімдерін жетілдіру, ЕЭА қызметін басқару үшін Дүниежүзілік кеден ұйымы қатысатын елдердің ұлттық тәжірибесі сияқты пленарлық отырыс және бірқатар тақырыптық сессияларды қамтылды.

Форумға пленарлық отырыста сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық сауданы дамыту жөніндегі жұмысын жоғары бағалаған Дүниежүзілік сауда ұйымының сақтау және оңтайландыру департаментінің директоры Анна Б. Хинохоса қатысты.

Тақырыптық сессиялар ЕЭА қызметін басқарудағы қолданыстағы ұлттық тәжірибені, кеден қызметтері, ЕЭА операторлары мен осындай аумақтарда жұмыс істейтін компаниялар арасындағы өзара әрекеттесу тәжірибесін тарату үшін, сондай-ақ сауда-саттықты жеңілдету және бақылау үшін жаңа құралдар және заңдар мен экономикалық шығындардың бұзушылықтар тәуекелдерін барынша азайтуды әзірлеу үшін продуктивті диалог алаңы болды.

Форумның нәтижелері ЕЭА-ның табысты дамуына жаңа серпін береді, бұл осы аймақтардағы өнеркәсіптер мен аймақтардың инфрақұрылымы мен экономикалық дамуына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әкеледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)