Жарияланған күні: 12.06.2019 23:44
Өзгертілген күні: 12.06.2019 23:45

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Маңғыстау облысы бойынша МКД-нің «Теңіз порты» кеден бекетінде жылжымалы-инспекциалық тексерулер туралы семинар өткізілді

 

2019 жылдың 03-07 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Маңғыстау облысының «Теңіз порты» кеден бекетінде  «Rahiscan маркалы автомобиль көліктерінің Жылжымалы-инспекциалық тексеру/Инспекциалық тексеру кешендері. Пайдалану тәртібі және тәжірибелік сабақтары» тақырыбында  семинар өткізді.

Семинарға тыңдаушылыр ретінде инспекциялық-тексеру кешенінің (бұдан әрі - ИТК) жұмыс істеуіне жауапты аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бағытының қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығы Қашықтықтан оқыту және ақпараттық технология бөлімінің басшысы Касымкулова Лаззат Турдақыновна қатысты.

Семинардың мақсаты  -  әкелуге тиым салынған тауарларды анықтау үшін ИТК жұмыс істеу саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.

Семинарға қатысушылар ИТК жалпы құрылысымен, ИТК қолдану әдістемесімен, ИТК жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен, рентген суреттерін өңдеумен, жаңа технологияларымен танысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. Тыңдаушылар ИТК қолдану кезінде өзекті мәселелерді талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнама толтрып, ОӘО-ың өкіліне білім деңгейін тапсырып,  сертификаттар берілді.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)