Жарияланған күні: 15.07.2019 15:12
Өзгертілген күні: 19.07.2019 17:51

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚЫРҒЫЗСТАННАН ҚАЗАҚСТАНҒА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН АКЦИЗДІК МАРКАЛАРЫ БАР 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТЕМЕКІ ҚОРАПШАСЫН ӘКЕЛУГЕ ТЫРЫСҚАН

Темекі бұйымдарындағы акциздік таңбалар "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңымен, сондай-ақ "Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесімен" кесіледі.
Қарасу ауылдық округінде, Қарасу бекетінде жол полициясы, Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, салықтық тексеру жүргізу кезінде 2019 жылғы 28 маусымда сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ЖШҚ "Қырғыз сауда компаниясы "КТК.РУС" Даймлер Крайслер 814 көлік құралында Қырғыз Республикасының акциздік маркалары бар 19350 қорап темекі түріндегі темекі өнімдерін тасымалдаған. Бұл "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағын, сондай-ақ "Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережелерін" бұзу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 283-бабының 2-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, Қордай аудандық сотына берілді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)