Жарияланған күні: 13.03.2019 18:27
Өзгертілген күні: 26.03.2019 09:32

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Кинологиялық орталық қызметкерлері "20 жарқын іс –Meirli Kyzmet" қайырымдылық акциясына қатысты

 

Донор болу-басқа адамның игілігі үшін өз қанын ұсыну. Бұл адамдар арасында құрметті, өйткені тапсырылған материал біреудің өмірін сақтап, немесе бұрынғы ауруды емдеуі мүмкін.

"20 жарқын іс-MeirliKyzmet" қайырымдылық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы 2019 жылы 13 наурызда Алматы қалалық қан орталығына донорлық қанды ақысыз тапсыру ұйымдастырылып өткізілді.

Қан тапсыру рәсіміне Кинологиялық орталықтың қызметкерлері жауапкершілікпен қарап донация процедурасы алдындағы міндетті ұсынымдарды сақтай отырып, өзінің рационынан бояғыштары бар барлық өнімдер мен сусындарды, сондай-ақ бірнеше күнге дәрілік препараттарды қабылдауды алып тастап, қан тапсыру күніне дейін 3 сағат бұрын темекі шегуді шектеді. Мұның бәрін шектеу қажет, өйткені тапсырылған қан пациенттер үшін қауіпсіз болуы керек. Психоневрологиялық жағдайын бағалау үшін міндетті медициналық тексеруден өткеннен кейін донорларға тегін қантпен ыстық шай және печенье берілді.

Кинологиялық орталығының басшысы Смаков Рыспек Жанғыспекұлының айтып өткендей - Донорлық  бұд бүкіл қоғамның ісі болуы тиіс. Мемлекеттік деңгейде - мемлекеттік саясаттың және билік органдарының тұрақты қамқорлығының мәні; қоғам деңгейінде - қоғамдық ынтымақтастықты нығайтатын өзін-өзі көрсету элементі; жеке тұлға деңгейінде-жақынына көмектесуге ішкі мұқтаждығы.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)