Жарияланған күні: 12.07.2019 17:50
Өзгертілген күні: 19.07.2019 18:59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ: ҚР ҚМ МКК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ»

Алматы қаласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (бұдан әрі - Департамент) бірлесіп, 2019 жылдың 12 шілдесінде Комитет Төрағасының орынбасары Ж.Инербербаевтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасында салықтық рақымшылығы, сондай-ақ, камералдық бақылаудың кейбір мәселе сұрақтары» тақырыбында салық төлеушілерге арналған семинар өткізілді.
Семинарға Комитет пен Департаменттің қызметкерлері, 500-ге жуық салық төлеушілер, Алматы қаласындағы бизнес өкілдері, ассоциациялар мен ҮЕҰ өкілдері, СЭҚҚ қатысты.
Семинарды аша отырып, Комитет Төрағасының орынбасары Ж. Инкербаев семинар бағдарламасымен және семинардың қатысушыларын таныстырды.
Комитеттің Берешекктермен жұмыс басқармасының басшысы Нұртазина Нағима Тұрсынқызы өз сөзінде Қазақстан Республикасында салықтық рақымшылықтың негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарын атап өтті.
Бұдан әрі, Комитеттің қашықтан қадағалау басқармасының басшысы Сүлейменов Әнуар Айдарұлы тыңдаушыларға Камералдық бақылау және камералдық салық тексерулерін жүргізудің негізгі мәселелерін жеткізді.
Семинар барысында Комитет басшылығы Қазақстандағы салық рақымшылығының мәселелері мен камералдық бақылау мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Бұдан басқа, семинардың салық төлеушілері мен қатысушылары Комитеттің басшылығына семинардың тақырыбы бойынша, сондай-ақ ағымдағы проблемалық жағдай бойынша сұрақтарын тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды,
2019 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласы бойынша жалпы сомасы 1,0 млрд. теңгені құрайтын 7 009 салық төлеуші салық берешегін өтеген, олардан 338,7 млн. теңге айыппұл, 7,8 млн. теңге өсімақы шығарылған.
2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қарыздары 27,6 млрд. теңгені, айыппұлдар - 16,3 млрд. теңге, өсімақы - 1,8 млрд. теңгені құрайтын қаладағы 15 964 шағын және орта бизнес субъектілердің салық берешегі болғанын айта кету керек.
Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынына назар аударамыз, осыған байланысты шағын және орта бизнестің жинақталған борыштарынан құтылу және мемлекеттік крістер органдарының барлық шектеулерін жою мүмкіндігін еске саламыз.
Бұдан басқа, салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға алдағы салықтық рақымшылық туралы салық органдарына 2019 жылдың 1 қаңтарға дейін салық кезеңі үшін салық төлеудің негізгі сомасын төлеуге жататын айыппұлды есептен шығару туралы хабарлаймыз.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 4 шілдесінде қол қойған Заң шеңберінде салықтық рақымшылғын көздейтін, Қаржы министрлігінің бұйрығымен жеке тұлғаларға салықтық рақымшылғын жүргізу ережесін бекітеді.
Семинар барысында баяндамашылар аудиториядан және WhatsApp хабаршысы арқылы салық төлеушілердің семинар барысында алынған сұрақтарына толық жауаптарын берді.
Жалпы алғанда, семинар салық төлеушілерге жеңіл және сындарлы нысанда өткізілді.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың 31 мамырында Комитет төрағасы Т.Сұлтанғазиевтің қатысуымен осындай семинар елордада өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)