Жарияланған күні: 19.03.2019 16:52
Өзгертілген күні: 29.03.2019 17:50

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға енгізіледі

 

2019 жылдың 27 наурызынан бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға енгізіледі. Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) жүзеге асырылуда.

 «Бірыңғай терезе» порталының көмегімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар экспорттық-импорттық операцияларға қажетті ақпаратты бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандарттандырылған түрде қол жеткізе алады. Сонымен бірге портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпараты алу мүмкіндігін ашады.

«Бірыңғай терезенің» негізгі элементтері:      

  • Электронды рұқсат құжаттарын және лицензияларды алуы;
  • Кеден ісі саласында құзметті жүзеге асыратын тұлғалардың мәртебесі алу бойынша электронды қызметті алу;
  • Электрондық кедендік декларация;
  • Кедендік алдын ала шешімдерін беру бойынша электрондық қызмет;
  • Интегрированный таможенный тариф;
  • Анықтама және тізім құжаттары;
  • Нормативті құқықытық құжаттарды қарау және іздеу.

«Бірыңғай терезе» порталынның ресми мекенжайы –www.eokno.gov.kz  (www.sw.gov.kz).

 

Порталдың жұмысына қатысты сұрақтар бойынша https://t.me/eoknokz сілтемсімен Telegram-ға бұқаралық топқа хабарласуларыңызға болады.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)