Жарияланған күні: 11.03.2019 18:47
Өзгертілген күні: 26.03.2019 09:31

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Дүниежүзілік кеден ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі Диагностикалық Миссиясы

 

2019 жылғы 11-15 наурыз аралығында Дүниежүзілік кеден ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Диагностикалық Миссиясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ғимаратында өткізілуде.

Жемқорлыққа қарсы тиімді стратегияны әзірлеу бойынша кедендік әкімшіліктерге техникалық қолдау көрсетуге бағытталған ДКҰ сенімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама әзірледі. Бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған халықаралық стандарттарды қабылдау құралдарын әзірлеуді қамтиды. Стратегиялық консультациялық қолдау, институционалдық дамыту және техникалық көмек осы бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.

Соңғы үш жылда Хатшылық ДКҰ-ға мүше елдерге техникалық көмек көрсету бойынша 45-ке жуық миссиялар ұйымдастырылды. 2017/2018-шы қаржы жылдарында 15-ке жуық кеден әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары бойынша  ДКҰ-ның қолдауына ие болды.

ДКҰ-ның диагностикалық миссиясы Қазақстан кедендік әкімшіліктің ДКҰ стандарттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарына сәйкестігін талдауға бағытталған.

Миссияның негізгі мақсаты – қайта қарастырылған Аруша декларациясының 10 элементінің жүзеге асырылу деңгейін бағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мәселелері бойынша Қазақстанның мүмкіндіктерін кеңейтуде кедендік қызметке қолдау көрсету.

ДКҰ іс-шараны өткізу үшін екі сарапшы жіберді: Пер Арвид Нордли -Норвегия кеден әкімшілігінің Халықаралық қатынастар департаментінің директоры және Альваро Фернандес - Испания Кеден әкімшілігінің сарапшысы.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)