Жарияланған күні: 13.08.2019 13:07
Өзгертілген күні: 13.08.2019 18:26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

 

БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІ ТРАНСФЕРТТІК БАҒА БЕЛГІЛЕУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУЛЕР АЛДЫ

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерімен трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша ЭЫДҰ сарапшысы Томас Балкомен бірлесіп, Экономикалық Ынтамақтастық және Дамыту Ұйымымен ұсынылған Қазақстанмен енгізу сұрағы бойынша бизнес-қауымдастықпен және үлкен төрттікпен кездесу жүргізілген болатын, Пайданы салық салудан шығару және салық салынатын кірісті барынша азайту бойынша жоспары (BEPS) бекітілген болатын.

Жоспардың 13-қадамымен трансферттік баға белгілеу бойынша үш деңгейлі құжаттандыру, яғни еларалық (country-by-country), негізгі есептілік (master file), жергілікті (local file) есептілікті енгізу көзделген.

Кездесу барысында Томас Балко 13-қадамның соңғы есебінде шешуші аспектілердің егжей-тегжейлі түсіндірмесін берді.

Томас Балко, сондай-ақ, ЭЫДҰ ұсынылған имплементацияның нормошығармашылық процесі іс жүзінде аяқталғанын, тек қана техникалық бөлігі қалғанын атап өтті.

Қазақстан 2020 жылы еларалық есептілікпен алмасу процессін бастау керек.

Қазір Қазақстан ақпаратты сақтау және құпиялылыққа тексеруді өтуде.

МКК қызметкерлері атап өткендей, қазіргі уақытта Комитеттің Ақпараттық жүйелері алмасуға дайындау бөлігінде белсенді жұмысы жүргізілуде.

Алмасу процесін жіберу үшін, Қазақстанға құзыретті органдардың Еларалық Келісіміне қол қойған елдерге Хабарлама жолдауы қажет.

Бірақ бұл тек қана үлкен жиырмалық елдердің оң қорытындысын алғаннан кейін ғана мүмкін болады.

ЭЫДҰ сарапшысы Томас Балкомен кездесу бизнес-қауымдастықтардың қатысушылары үшін қызықтыратын сұрақтарды қоюға керемет мүмкіндік болды.

Кездесудің аяғында осы бағытта ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)