Жарияланған күні: 16.08.2019 15:23
Өзгертілген күні: 20.08.2019 18:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

АЛМАТЫДА КИНОЛОГ-МАМАНДАР АРАСЫНДА ХVII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 5 жыл толуына орай кәсіби шеберлікті жетілдіру, жұмыс тәжірибелерін алмасу және кинологиялық қызметтердің лауазымды тұлғалары арасында үздік кинологтарды анықтау мақсатында кинологиялық орталық базасында 2019 жылдың 10 тамызы мен 14 тамызы аралығында "Төраға КУБОГЫНА" арналған "есірткі құралдарын іздеу" бағдарламасы бойынша кинолог-мамандар арасында ХVII республикалық жарыс өткізілді.

Жарысқа Комитеттің аумақтық департаменттерінде іріктеу турларынан өткен еліміздің жоғары білікті кинолог мамандары қатысты. 4 күн ішінде Үздік кинологтардың қажырлы күресі өтті. Кинолог мамандары әр түрлі тексеру объектілерінде төрт аяқты питомниктердің кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді::

I орын - Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, Сабанов Нурбол Муратович, "Барби" атты қызметтік итімен.

II орын - ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы, Кулымбетова Лиза Нурлыбаевна "Виджи"атты қызметтік итімен.

III орын - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, Агибаев Асылбек Еликович, "Герда"атты қызметтік итімен.

Жабылу салтанатында 2019 жылғы 14 тамызда сағат 10.00-де өткен ХVII республикалық жарыстардың жүлдегерлеріне ауыспалы кубоктар, медальдар, дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Жарыстың барлық қатысушыларына тілек сөздер айтылып, олардың заңсыз есірткі айналымымен күресу ісіне сәттілік тіледі.

Осындай жарыстар қатысушылардың қызметтік борышын орындау үшін жоғары жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, қызметтік иттермен жұмыс істеу дағдыларын бекітуге және одан әрі дамытуға ықпал етеді. Мұндай кездесулер кеден қызметтерінің кинологиялық қызметіндегі озық әдістемелер саласында тәжірибе алмасуға, халықаралық жарыстарға қатысу үшін кинологтардың ұлттық құрама командасының құрамына енгізу үшін мамандар мен қызметтік иттерді іріктеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметі