Жарияланған күні: 12.07.2019 15:26
Өзгертілген күні: 23.07.2019 21:23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылдың 10- 12 шілде аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық технологиялар» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіру саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыретін арттыру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде орталық аппарат және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері қатысты, сонымен қатар дәріскерлер ретінде:
1) Әндешова Гүлмира Бақытқызы – ҚР ҚМ МКК Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы;
2) Манаков Тимур Сергеевич – «LOGITEX» ЖШС ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман;
3) Қасымқұлова Ләззат Тұрдақынқызы – ҚР ҚМ МКК ОӘО ҚОжАТБ басшысы.
Семинарға қатысушылар Botnet- зиянды жұмыс істейтін бірнеше жұмыс станциясынан тұратын компьютерлік желімен, сондай-ақ:
- белгісіз бағдарламалардан Интернетте белгілі серверлерге арналған командалық орталықтарға (С&C) бірнеше қоңырау шалу;
- желілік белсенділіктің артуымен, сұраныстың жиілігімен, оның ішінде Интернет трафикті түнгі уақыт кезінде қалыпты пайдалануымен;
- жұмыс станцияларынан бірдей DNS сұраулармен;
- жұмыс станциясының баяу жұмысымен, процессор жүктемесімен;
- Интернетке қол жеткізу проблемаларымен танысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскерлер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)