Сұрақ: 
<p class="rtejustify">ҚР Салық кодексінің 341-бабының 2-тармағына сәйкес Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады. 12% мөлшерлемесі бойынша қосылған құн салығы ПҚӨС бойынша салық салу базасын есептеу мақсатында өткізудің орташа өлшемді бағасына қосыла ма?</p>
Жауап: 

Өткізудің орташа өлшемді бағасы кең таралған пайдалы қазбаларды және емдік балшықтарды өндірудің нақты бағасы негізінде айқындалады.

Бұл ретте мұндай нақты өткізу құнын пайдалы қазбаларды өткізу салығының сомасына азайту Салық кодексімен көзделмеген.