Сұрақ: 

Алкоголь өнімдерін, тамақ өнімдерін және (немесе) алкогольсіз сусындарын өндірушілерге өндірілетін минералды жерасты суларын, шаруашылық-ауыз су жерасты суларын беретін жер қойнауын пайдаланушы өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін 0,25 бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде пайдалы қазбаларды өндіру салығын қолдануға құқылы ма?   

Жауап: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 342-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суына өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін 0,25 бір айлық есептік көрсеткішті мөлшерлемесі салық салынады.

Осы баптың нормасының күшіне қарай өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін 0,25 бір айлық есептік көрсетікшті мөлшеріндегі мөлшерлеме, жер қойнауын пайдаланушының өзімен өндірілген суды жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылған жағдайда қолданылады.

Өзге жағдайларда, алкоголь өнімдерін, тамақ өнімдерін және алкогольсіз сусындарын өндірген кезде үшінші тұлғалармен пайдалану үшін жерасты суларын беру Салық кодексінің 12-бабының 29) тармақшасының күшіне қарай оны өткізу - сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру ретінде қарастырылатын болады.

Осы мақсаттар үшін Салық кодексінің 342-бабы ерекше тәртіпті көздемейді, осыған байланысты, ПҚӨС есептеу өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 1,000 айлық есептік көрсеткішті мөлшерде жүргізулі тиіс.