Сұрақ: 
<p class="rtejustify">Алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік (5 нысан) қай мерзімде ұсынылады?</p>
Жауап: 

Салық кодексінің 624-бабының 3-тармағына сәйкес алдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік (5 нысан)  ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін ұсынылады.

Ағымдағы күнтізбелік жылға қаржы-шаруашылық қызметтің жоспарланатын көрсеткіштері туралы мониторинг бойынша есептілік мұндай жоспарланатын көрсеткіштердің өзгерістері ескеріле отырып (5 нысан), осындай ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуірінен, 15 шілдесінен және 15 қазанынан кешіктірілмей ұсынылады.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне жаңадан енгізілген ірі салық төлеуші ағымдағы күнтiзбелiк жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша бастапқы есептілікті осындай тiзбе қолданысқа енгiзілетін күннен бастап күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей ұсынады. Ағымдағы және алдағы күнтiзбелiк жылдарға арналған қаржы-шаруашылық қызметінiң жоспарланатын көрсеткiштерi туралы мониторинг бойынша келесі есептілік Салық кодексінің 624-бабына сәйкес ұсынылады.