Жарияланған күні: 15.04.2015 15:23
Өзгертілген күні: 13.05.2016 16:08

Үстеме пайда салығы

 

Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы Салық кодексінiң 347-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеушi болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңiнде есептеледi.

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгiленген тәртiпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектiсiн, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектiлердi:

1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты;

2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табысты;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жиынтық жылдық табысты;

4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдердi;

5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығын;

6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.

 

Төлеушiлер

Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушiлер болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

1) Салық кодексінiң 308-1-баптың 1-тармағында көрсетiлген;

 

2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдiк балшықты барлауға, барлау мен өндiруге немесе өндiруге;

 

3) барлауға және өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгiленген үстеме салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Салық салу объектiсi

 

Салық кодексінiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушының шегерiмдер сомасының 25 процентiне тең сомадан асатын салық кезеңi үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша Салық кодексінiң 348-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.

 

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс

 

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс Салық кодексінiң 348-2-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс пен Салық кодексінiң 348-5-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс Салық кодексінiң 349-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.

 

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс

Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс Салық кодексінiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, Салық кодексінiң 348-3-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс пен Салық кодексінiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс

Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты Салық кодексінiң 99-бабында көзделген түзетулердi ескере отырып, корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсаты үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.

 

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерiмдер:

 

1) Салық кодексінiң 100 - 114, 116 - 122-баптарына сәйкес есептi салық кезеңiнде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында шегерiмдерге жатқызылған шығыстардың;

2) мынадай шығыстар шегiнде:

тiркелген активтердi сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған салық кезеңi iшiнде нақты шеккен шығыстардың;

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берiлген қолданыстағы тiркелген активтер бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығы мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылмаған осы активтер құнының қалған сомасы шегiнде;

тiркелген активтердiң бухгалтерлiк есепте баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тiркелген активтердiң кейiнгi салық кезеңi iшiнде шеккен шығыстарының;

жер қойнауын пайдаланушылардың Салық кодексінiң 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен шегерiмге жатқызылатын шығыстарының;

3) осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдардың сомасы ретiнде айқындалады.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шығыстарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдерге жатқызу ағымдағы немесе кез келген келесi салық кезеңiнде iшiнара немесе толықтай жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.

Есептi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған осы шығыстар басқа да салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызуға жатпайды.

Тиiстi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңiнiң корпоративтiк табыс салығын есептеу кезiнде шегерiмге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға мiндеттi.

 

Егер белгiлi бір шығыстар осы баптың 1-тармағында белгiленген шығыстардың бірнеше түрiнде көзделсе, үстеме пайда салығын есептеу кезiнде аталған шығыстар бір рет қана шегерiледi.

 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы

 

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңi үшiн Салық кодексінiң 147-бабының 1-тармағында белгiленген ставканың және Салық кодексінiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ Салық кодексінiң 136 және 137-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, Салық кодексінiң 139-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы

 

Осы тараудың мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңiнде Салық кодексінiң 147-бабының 5-тармағында белгiленген резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық ставкасының және Салық кодексінiң 199-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық салу объектiсiнiң көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.

 

Есептеу тәртібі

 

Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу Салық кодексінiң 351-бабында белгiленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиiстi ставканы осындай деңгейге жататын, кейiннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектiсiнiң әрбір бөлiгiне қолдану арқылы жүргiзiледi.

Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолдану үшiн жер қойнауын пайдаланушы:

1) салық салу объектiсiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектiлердi айқындайды;

2) Салық кодексінiң 351-бабында белгiленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомаларын мынадай тәртiппен:

1 - 6-деңгейлер үшiн - Салық кодексінiң 351-бабында келтiрiлген кестенiң 3-бағанында белгiленген әрбір деңгей үшiн проценттiң және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының көбейтiндiсi ретiнде;

7-деңгей үшiн:

егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сома арасындағы айырма ретiнде;

егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретiнде айқындайды;

 

3) Салық кодексінiң 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық кезеңiнде алынған нақты таза табысты мынадай тәртiппен бөледi:

1-деңгей үшiн:

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса, бірiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бірiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, бірiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасына тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлер үшiн жүргiзiлмейдi;

2 - 7-деңгейлер үшiн:

егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осы тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;

егер салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осындай айырмаға тең болады.

Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлерге арналып жүргiзiлмейдi.

Таза табыс бөлiктерiнiң деңгейлерi бойынша бөлiнген жалпы сома салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиiс;

4) үстеме пайда салығының тиiстi ставкасын Салық кодексінiң 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбір деңгейi бойынша бөлiнген бөлiгiне қолданады;

5) Салық кодексінiң 351-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.


Үстеме пайда салығының ставкалары, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн проценттердiң деңгейлерi мен мөлшерi

 

Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртiппен айқындалатын ставкалардың өзгермелi шкаласы бойынша төлейдi:

 

Деңгей

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу шкаласы, шегерiм сомасының процентi

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн процентi 

Ставка

(%-пен)

1

2

3

4

1

25 проценттен кем немесе соған тең

25

белгiленбейдi

2

25 проценттен 30 процентке дейiн қоса алғанда

5

10

3

30 проценттен 40 процентке дейiн қоса алғанда

10

20

4

40 проценттен 50 процентке дейiн қоса алғанда

10

30

5

50 проценттен 60 процентке дейiн қоса алғанда

10

40

6

60 проценттен 70 процентке дейiн қоса алғанда

10

50

7

70 проценттен жоғары

Салық кодексінiң 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

60

 

Салық кезеңi

Үстеме пайда салығы үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтiзбелiк жыл iшiнде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн бірiншi салық кезеңi болып табылады.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, күнтiзбелiк жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн күшiне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.

Салықты төлеу мерзiмi

Үстеме пайда салығы салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей төленедi.

Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.