Жарияланған күні: 16.02.2015 17:25
Өзгертілген күні: 11.03.2016 08:49

Тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдер

328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері

2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы шетел валютасында бекіткен болса, онда:

1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгілеу үшін теңгемен төлеудің жалпы мөлшерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған есепті тоқсанның бірінші күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі;

2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердің сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетілген сомасы мұндай күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтізбелік жылдың басында теңгемен қайта есептеледі.

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

1. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 328-бабы шетел валютасында бекітілген тарихи шығындардың сомасын қайта есептеу тәртібі бойынша ережелермен толықтырылған, бұл ереже 2-тармақта белгіленген. 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін, 1-тармақтың негізінде, қайта есептеудің мұндай тәртібі экономикалық сараптаманы өткізу бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген кестеде белгіленген.

2. Тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы төлеу тәртібі 1-тармақпен белгіленген, ол республикалық бюджет туралы заңда белгіленгенайлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен алғанда айқындалатын.

Егер төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді.

Егер төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісімнің жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді. 

3. Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын тек теңгемен төлеудің жалпы мөлшерін айқындау мақсаттары үшін қолдану тәртібі 2-тармақтың 1)-тармақшасында белгіленген:айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен кем немесе бұл сомадан асатын.

Егер төлемнің жалпы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құрайтын жағдайда, төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдер сомасын айқындау тәртібі 2-тармақтың 2)-тармақшасында белгіленген.Бұл ретте,шетел валютасында белгіленген тарихи шығындардың сомасын төлеу бойынша міндеттемелерді орындау оны теңгемен аударған және төлеген жағдайда төленген күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетел валютасына қайта есептеу жолымен айқындалады.

ЖАҒДАЙ

1. Пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт 25.01.2010ж. жасалды.

2. Құпиялылық туралы келісім 20.01.2010ж. жасалды.

3. Пайдалы қазбаларды өндіруді бастау күні - 02.05.2010ж.

4. Құпиялылық туралы келісімжасалған күні қолданыста болған АЕК - 1413 теңге, тиісінше 10 000АЕК - 14 130 000 теңге, 2 500 АЕК - 3 532 500 теңге.

 

ТҰЖЫРЫМ

 

Атауы

 

Доллардың теңгеге курсы

Сома

Тарихи шығындар төленді (теңге)

Төленген күнге доллардың теңгеге курсы

Теңгемен төленген соманы АҚШ долларына қайта есептеу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Өндіру басталған есепті тоқсанның 1 күні

01.04.2010ж

144

 

 

 

 

 

2

Келісім бойынша Т.Ш. сомасы

АҚШ долл.

 

1 500 000

 

 

 

 

3

Т.Ш. сомасы

теңге

144

216 000 000

 

 

 

 

4

Өндіру кезеңінің басы

25.01.2010ж

 

 

 

 

 

 

5

2010 жылға ТШ есептеу, барлығы:

теңге

10жыл

21 600 000

 

 

 

 

6

оның ішінде

 

 

 

 

 

 

 

7

2010 жылғы 1 тоқсан

теңге

 

5 400 000

25.05.2009

5 400 000

144

37 500

8

2010 жылғы 2тоқсан

теңге

 

5 400 000

25.08.2009

5 400 000

145

37 241

9

2010 жылғы 3тоқсан

теңге

 

5 400 000

25.11.2009

5 400 000

146

36 986

10

2010 жылғы 4тоқсан

теңге

 

5 400 000

25.02.2010

5 400 000

147

36 735

11

Барлығы

 

 

 

 

 

 

148 462

12

01.01.2011 жылға Т.Ш. сомасының қалдығы

АҚШ долл.

146,5

1 351 538

 

 

 

 

13

01.01.2011жылға Т.Ш. сомасыныңқалдығы

теңге

 

198 000 262

 

 

 

 

14

2011 жылға ТШ есептеу, барлығы:

теңге

9лет

22 000 029

 

 

 

 

15

оның ішінде

 

 

 

 

 

 

 

16

2011 жылғы 1 тоқсан

теңге

 

5 500 007

25.05.2010

5 500 007

148

37 162

17

2011 жылғы 2тоқсан

теңге

 

5 500 007

25.08.2010

5 500 007

149

36 913

18

2011 жылғы 3тоқсан

теңге

 

5 500 007

25.11.2010

5 500 007

150

36 667

19

2011 жылғы 4тоқсан

теңге

 

5 500 007

25.02.2011

5 500 007

151

36 424

20

Барлығы

 

 

 

 

 

 

147 166

21

01.01.2012 жылға Т.Ш. сомасының қалдығы

АҚШ долл.

 

1 204 372

 

 

 

 

22

01.01.2012жылға Т.Ш. сомасыныңқалдығы

теңге

151

181 860 173