Жарияланған күні: 16.02.2015 20:17
Өзгертілген күні: 15.07.2015 15:51

231-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу бойынша айналым

3. Іске асыру бойынша:

3) егер осындай тауар бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, тауарды жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз беру айналым болып табылмайды.

ТҮСІНДІРМЕЛЕР

1. Салық кодексінің 231-бабының 3-тармағының 3) тармақшасының аталған редакциясы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста.

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылды:

«3) бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінен аспаса, тауарды жарнамалық мақсатта  өтеусіз беру не сыйлау айналым болып табылмайды;».

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылды:

«3) бiрлiгiнiң құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тауарды беру не сыйлау күнінде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінен аспаса, тауарды жарнамалық мақсатта  өтеусіз беру не сыйлау айналым болып табылмайды;».

2. Салық кодексінің 231-бабының базалық ережелеріне сәйкес тауарларды өткізу бойынша айналым тауарға меншік құқығын беру, соның ішінде тауарды өтеусіз беру танылады. Алайда, заң шығарышы аталған тармақшамен тауарды жарнамалық мақсатта  өтеусіз беру, соның ішінде сыйлық түрінде беру тауарларды өткізу бойынша айналым болып табылмайтынын көздеген. Бұл ретте жарнамалық мақсатты айқындау үшін «Жарнама туралы» 19.12.2003 жылғы  Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алу қажет. Мәселен, көрсетілген Заңның 3-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат.

3. Аталған норманы өзгерту тауар бірлігі құнының мөлшерін белгілеу бөлігінде болды. Мәселен, 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін мөлшері айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде белгіленді, ал 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін аталған мөлшер айлық есептiк көрсеткiштің 5 есеге дейін өсті.

4. Айлық есептiк көрсеткiшті республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болатын мөлшерде қабылдау керек.

Бұл ретте айлық есептiк көрсеткiштің мынадай мөлшері қабылданады:

Жылдар

АЕК мөлшері (теңгемен)

2 еселенген АЕК (теңгемен)

5 еселенген АЕК (теңгемен)

2009

1 273

2 546

-

2010

1 413

2 826

-

2011

1 512

3 024

-

2012

1 618

3 236

-

2013

1 731

-

8 655

2014

1 852

-

9 260

2015

1 982

-

9 910

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ЖАҒДАЙ

«Аура» ЖШС 2012 және 2013 жылдар ішінде жыл сайын 1 шілдеде өзінің құрылуы құрметіне, өзінің сатып алушыларына жуу құралдарының 50 жинағын өтеусіз беру бойынша жарнамалық акция өткізді. Бухгалтерлік есепте есептен шығару әрбір жинақ бойынша жеке-жеке құны 4 000 теңгеден жүргізіледі

ҚОРТЫНДЫ

2012 жылы АЕК мөлшері 1 618 теңгені құрайды, тиісінше 2012 жылы тауарды өткізу бойынша айналым емес деп тану шегі 3 236 теңгені құрады (1 618*2). Осылайша, жинақтың құны Салық кодексі белгілеген шегінен асып кеткендіктен, берілген жинақ құны өткізу бойынша айналым болып табылады.   

2013 жылы АЕК мөлшері 1 731 теңгені құрады, тиісінше 2013 жылы тауарды өткізу бойынша айналым емес деп тану шегі 8 665 теңгені құрады (1 731*5). Осылайша,  2013 жылы құн мөлшерінің шегі мөлшері айлық есептiк көрсеткiштің 5 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылғандықтан , берілген жинақ құны (4 000 теңге) өткізу бойынша айналым болып табылмайды.  

5. Берілетін тауардың өлшем бірлігі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделетін алғашқы бухгалтерлік құжаттың негізінде айқындалады.

2-ЖАҒДАЙ

«Ромашка» ЖШС 2014 жылдың 3-тоқсанында сыр және вечина өндірісі бойынша зауыттың ашылуы құрметіне жарнама акциясын өткізді, онда қаланың гипермаркеттерінде 3 күн бойы аталған зауыт өндірген сыр мен вечинадан бутербротқа дигустация жүргізілді.

Бутерброт дайындау үшін 20 кг сыр, 30 кг вечина және 50 батон (багет) жұмсалды. Бұл ретте бухгалтерлік есеп бойынша дигустацияға өзіндік құны 120 теңге 500 бутерброт берілді.

ҚОРТЫНДЫ

2014 жылы АЕК мөлшері 1 852 теңгені құрады, 2014 жылы тауарды өткізу бойынша айналым емес деп тану бойынша шегі 9 260 теңгені құрады (1 852*5).

Осылайша, бухгалтерлік есептің деректері бойынша жарнама мақсатында берілген бутерброттардың құны көрсетілген шектен аспайды, тиісінше, «Ромашка» ЖШС өнімдеріді бұлай беруі тауарды өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

 

6.Заң шығарушыаталған тармақшаны қолданудың бір ғана жағдайын белгіледі, атап айтқандабелгіленген мөлшерден құнның аспауы. Тиісінше, егер берілген тауар құны белгіленген шегінен асқан жағдайда, онда көрсетілген ереже қолданылмайды.

3-ЖАҒДАЙ  

«Шерри» ЖШС 2015 жылғы 31 қаңтарда тұрмыстық техникаларды өткізу бойынша дүкен ашуына байланысты акция (бір күн) жариялады, онда жиынтық түрінде сыйлық ұсынылды  (үтік құны 10 000 теңге  және фен құны 4 000 теңге).

Бұл ретте мұндай жиынтықты беру бухгалтерлік есепте жиынтықты беру ретінде бір жиынтық құны 14 000 теңгеден ресімделген.

ҚОРТЫНДЫ

2015 жылы АЕК мөлшері 1 982 теңгені құрайды, 2015 жылы тауарды өткізу бойынша айналым емес деп тану бойынша шегі 9 910 теңгені құрайды (1 982*5).

Осылайша, сыйлық үтік және фен жиынтығы түрінде ұсынылғандықтан, құны бухгалтерлік есеп бойынша 14 000 теңгені құрады, яғни Салық кодексінің 231-бабының 3-тармағының 3) тармақшасында белгіленгеншектен асады, онда беру өткізу бойынша айналым болып табылады.