Жарияланған күні: 03.02.2015 16:38
Өзгертілген күні: 18.02.2016 17:48

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

бухгалтерлік баланс;

өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп;

өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;

қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;

дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

Мониторингке жататын және банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

бухгалтертерлік баланс;

кірістер мен шығыстар туралы есеп;

дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

сақтандыру қызметі туралы есеп;

бухгалтерлік баланс;

кірістер мен шығыстар туралы есеп.

Мониторингке жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

зейнетақы активтері бойынша есеп;

зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп;

бухгалтерлік баланс;

кірістер мен шығыстар туралы есеп.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2 - 5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.

Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.

Жүктеу

Нысанның атауы

1.1 - 1.7 нысаны

Ереже 

Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есебi    

2.1 - 2.5 нысаны

Ереже

Банктік қызметті, сондай-ақ лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есебi

3.1.- 3.4 нысаны

Ереже

Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салық есебi

4.1- 4.3 нысаны

 

Ереже

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының салық есебi