Жарияланған күні: 16.02.2015 21:05
Өзгертілген күні: 15.07.2015 16:01

192-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары

1. Табыстардың мынадай түрлері бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады:

...

6) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидентке борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.

Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;

7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезиденттен борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар.

Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;

ТҮСІНІКТЕМЕ

1. Салық кодексінің 192-бабының 6) және 7) тармақшалары салық салу мақсаттары үшін бейрезиденттіңталап ету құқығын басқаға беруден түсетін табысты айқындау тәртібін белгілейді.

2. Бейрезиденттіңталап ету құқығын басқаға беруден түсетін табысты айқындау кезінде Азаматтық кодекстің ережелерін ескеру қажет. Мәселен, Азаматтық кодекстің 339-бабына сәйкес мiндеттеме негiзiнде несие берушiге тиесiлi құқықтың (талап етудiң) ол мәмiле (талап етудi беру) бойынша басқа адамға берiлуi; немесе ол құқық заң құжатының негiзiнде басқа адамға ауыстыруы мүмкiн.

Азаматтық кодекстің 341-бабыныңнегізіндебастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың ауысуы кезiнде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады.Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.

3. Бейрезиденттіңталап ету құқығын басқаға беруден түсетін табысты айқындау кезінде ол бойынша басқаға беру жүргізілетін талап ету құқығының құнын және борышкерден алуға жататын талап ету құқығының құнын ескеру қажет.

4. Талап ету құқығын берген салық төлеуші-бейрезиденттің тұрақты мекемесі арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резиденттің немесе бейрезиденттің қарызын талап ету құқығын беруден түсетін табыс ол бойынша басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен алғашқы салық салу құжаттарына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң ерекшелік ретінде айқындалады.

Егер талап ету құқығын беру күніне ол бойынша басқаға беру жүргізілетін талап ету құқығының құны негізгі қарыздың талап етуі бойынша борышкерден алуға жататын сомасынан, оның ішінде негізгі қарыздан жоғары сомасынан аз болған жағдайда, талап ету құқығын беруден түскен табыс, талап ету құқығына ие болып отырған салық төлеушіде туындайды.

 

1-ЖАҒДАЙ

А компаниясы – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент «В» ЖШС 400 000 теңгеге «С» ЖШС-қа қарызды талап ету құқығын берді. Талап ету құқығын қайта беру сәтінде негізгі қарыздың сомасы 500 000 теңгені, айыппұл сомасы – 30 000 теңгені құрады.

 

ТҰЖЫРЫМ

Талап ету құқығын қайта беру құны - 400 000 теңге, борышкерден алуға жататын талап ету құқығының құны - 530 000 теңге. Тиісінше, талап ету құқығын беруден түскен табыс, 130 000 теңге мөлшерінде қарызды талап ету құқығына ие болып отырған «В» ЖШС-та туындайды.  «В» ЖШС қарызды талап ету құқығын беруден түскен табыстың сомасын Салық кодексінің 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табысына қосуға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Тұрақты мекемесі арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резиденттің немесе бейрезиденттің, талап ету құқығына ие болатын салық  төлеуші-бейрезиденттің қарызын талап ету құқығын алған кезде талап ету құқығын беруден түскен табыс негізгі қарызды талап ету бойынша борышкерден алуға жататын соманың, оның ішінде талап ету құқығын беру күніне негізгі қарыздан асатын сомасы, және талап ету құқығына ие болатын құнның арасындағы оң ерекшелік ретінде айқындалады.

 

2-ЖАҒДАЙ

А компаниясы –  Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент «В» ЖШС-тен 100 000 теңгеге «С» компаниясына несие бойынша талап ету құқығын алды (негізгі қарыздың сомасы 100 000, сыйақы беру күніне есептелген сома 30 000).

 ТҰЖЫРЫМ

Талап ету құқығын қайта беру құны- 100 000 тенге, талап ету құқығының құны - 130 000 теңге. Тиісінше, талап ету құқығын беруден түскен табыс30 000 теңге мөлшерінде А компаниясында туындайды. А компаниясы  Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент болып табылатынын ескере отырып, «В» ЖШС-та Салық кодексінің 193-бабына сәйкес А компаниясының табысынан төлем көздерінен ұсталған корпоративті кіріс салығын есептеу жіне төлеу жөніндегі салық міндеттемесі туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Егер талап ету құқығын беру күніне ол бойынша басқаға беру жүргізілетін талап ету құқығының құны негізгі қарыздың талап етуі бойынша борышкерден алуға жататын сомасынан, оның ішінде негізгі қарыздан жоғары сомасынан артық болған жағдайда, талап ету құқығын беруден түскен табыс, талап ету құқығын беретін салық төлеушіде туындайды.

3-ЖАҒДАЙ

А компаниясы– Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент «В» ЖШС 600 000 теңгеге «С» ЖШС-қа қарызды талап ету құқығын берді. Талап ету құқығын қайта беру сәтінде негізгі қарыздың сомасы 470 000 теңгені, айыппұл сомасы – 60 000 теңгені құрады.

ТҰЖЫРЫМ

Талап ету құқығын қайта беру құны - 600 000 теңге, талап ету құқығының құны - 530 000 теңге. Тиісінше, талап ету құқығын беруден түскен табыс70 000 теңге мөлшерінде А компаниясында туындайды. А компаниясы  Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесі жоқ бейрезидент болып табылатынын ескере отырып, қайта беру құнын төлеу кезінде «В» ЖШС-та Салық кодексінің 193-бабына сәйкес А компаниясының табысынан корпоративті кіріс салығыныңтөлем көздерінен ұстау бойынша салық міндеттемесі туындайды.