Date of publication: 18.05.2016 14:50
Date of changing: 04.01.2018 21:50

Техникалық сұрақтар

 

1) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-е қалай тіркеледі?

Жауап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында бақылау (сәйкестендіру) белгілерін таңбалау туралы қабылданған шешімдерге сәйкес Тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар/дара кәсіпкерлер «Тауарларды таңбалау» СБӨ-е https://markirovka.gov.kz сілтемесіне өту және «Тіркелу» түймесін басу арқылы тіркелінеді.

2) Тауардың заңдылыған калай тексеруге болады?

Жауап. «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де тіркелмей тауардың заңдылығын:

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-де https://markirovka.gov.kz сілтемесіне өту және «БсБ-н тексеру» түймесін басу;

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-нің мобилдық қосымшада QR-кодының белгісін санау немесе бақылау (сәйкестендіру) белгісінің нөмірін қолмен теру арқылы тексеруге болады.

3) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де бақылау (сәйкестендіру) белгілерін (бұдан әрі – БсБ) қалай дербестендіруге болады?

Жауап. ЗТ/ДК 2 деңгейдегі Эмитенттен БсБ-н дербестендіруге өтінім беру үшін:

1)                 Өзіңіздің ЭЦҚ арқылы «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де авторизацилану;

2)                 «Тапсырыстар» бөліміне өту;

3)                 «Жаңа тапсырыс» түймесін басу;

4)                 Айналымға енгізу түрін таңдау;

5)                 Толтыруға міндетті жолды толтыру;

6)                 Тауардың мәліметтерін қосу;

7)                 Өтінішті қосуға ЭЦҚ қол қою;

2 деңгейдегі Эмитентке тапсырыс жолдау үшін «Тапсырыс беру» түймесін басу қажет.

4) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де өтініммен жұмыс жасау (БсБ-н дербестендіру) мәртебесін қалай тексеруге болады?

Жауап. Заңды тұлға/ жеке тұлғаның АЖО-да «Тапсырыстар» бөлімінде Пайдаланушы өтініммен жұмыс жасау мәртебесін көруге мүмкіндігі бар.

Осы бөлімде Пайдаланушы өтінімнің мәртебесін көрумен бірге өтінімді басқара алады.

5) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де 2-деңгейдегі эмитенттен алынған белгі жарамсыз немесе тапсырысқа сәйкес еместігін қалай белгілеуге болады?

Жауап. Заңды тұлға/дара кәсіпкер 2-деңгейдегі эмитенттен дербестендірілген белгіні алған кезде, ЗТ/ДК «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де тапсырысты қайтару үшін белгі қою мүмкіндігі бар. Бұл үшін оған:

-                   Тапсырыс бойынша 2-деңгейдегі эмитенттен белгі алу;

-                   Жарамсыз және/немесе тапсырысқа сәйкес еместігі бойынша белгіні тексеру;

-                   Егер жарамсыз және/немесе тапсырысқа сәйкес емес болған жағдайда «Тапсырыстар» бөліміне өту;

-                   Осы белгіге тапсырыс бойынша «Балансқа қабылдау» түймесін басу;

-                   Тапсырыс бойынша белгілердің тізімін көру және қандай да бір жағдаймен жарамсыз болған немесе қабылданбаған белгіні «Қабылдамау» чек-боксін белгілеу;

-                    Әрі қарай «Қабылдау» түймесін басу;

-                   Белгіні қабылдау кезінде белгі жарамсыз болған жағдайда қайтару себебін көрсету және қайтару жөніндегі құжатты тіркеу;

Сақтау түймесін басу қажет және белгі СБӨ-де 2-деңгейдегі эмитентке қайтарылады.

6) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де тауарды «Тауар» бөліміне қалай қосуға болады?

Жауап. «Тапсырыстар» бөлімінде БсБ-н балансқа қабылдау кезінде,  «Тауарлар» бөлімінде тауар автоматты түрде «Таңбаланды» мәртебесі көрінеді, бұл тауарға белгіні желімдегеніңізді (тіккеніңізді) білдіреді.

7) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де тауардың мәртебесін қайда өзгертуге болады?

Жауап. Тауарды таңбалау кезінде, Пайдаланушы «Тауарлар» бөлімінде төменде көрсетілген мәртебелерге өзгертуге мүмкіндігі бар:

-                   Сатылды;

-                   БсБ жоғалды, жоғалған жағдайда пайдаланушы сол тауарға жаңа БсБ-не тапсырыс беру керек;

-                   Тауар жоғалды;

-                   Сатып алушының (ЗТ/ДК) мәліметін көрсете отырып,  қайта сату. Қайтару. Сатау кезінде тауардың қайтарылуы мүмкін.

8) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағынан тауарды сатып алған жағдайда (қазіргі таңда ол РФ және БР), «Тауарларды таңбалау»  СБӨ-нің қай жерінде белгілеуге болады?

Жауап. Кеден одағының аумағында тауарды сатып алған жағдайда, пайдаланушы:

1)                 Өзіңіздің ЭЦҚ арқылы «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де авторизацилану;

2)                  «ЕАЭО шеңберінде сатып алынған тауар» бөліміне кіру;

3)                 «Тауарды қосу» түймесін басу арқылы тауарды қосу;

4)                 Толтыруға міндетті жолдарды толтыру;

5)                 Тауар жөніндегі мәліметтерді қосу (БсБ нөмірі және/немесе TID және/немесе SGTIN)

9) Кеден одағының аумағында сатып алған жағдайда «Тауарларды таңбалау»   СБӨ-нің қандай бөлімінде тауарлармен жұмыс жасауға болады?

Жауап.  ЕАЭО мүше мемлекеттінің ұлттық компонетінен оң жауап алған жағдайда «Тауарларды таңбалау»   СБӨ-нің балансында тауар белгіленеді және Пайдаланушы «Тауарлар» бөлімінде оның мәртебесін өзгертіге мүмкіндігі бар.

10) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-нің ЗТ/ДК АЖО-да қызметкерді қосуға болады ма?

Жауап. «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де ЗТ/ДК тіркеген ұйымның басшысы, «Ұйымдастыру-штат құрылымы» бөліміне кіріп, қызметкерлерді қосу мүмкіндігі бар.

11) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дербестендіру тапсырысында сенімді тұлға бойынша қандай деректерді көрсету қажет?

Жауап. БсБ-н өзі немесе курьер жеткізген кезде алатын қызметкердің  АЖТ және жеке куәландыратын құжаттың  нөмірін  көрсету қажет.

12) GTIN алу үшін қандай сайтқа тіркелу қажет? Кімге телефон арқылы соғу және жүгіну керек?

Жауап. штрих кодты (GTIN) алу үшін www.gs1.kz сайтына тіркелу қажет.

Штрих кодты иелену бойынша GS1 Kazakhstan офисына жүгіну немесе +7(727)394-88-53/56/57 нөміріне хабарласу қажет.

Деректер: БСН 040940007541, Алматы қ-сы, Байзакова к-сі, № 299.

13) GS1 деген не? GS1 маған не үшін қажет?

Жауап. GS1 - бұл 1977 жылы Еуропалық (European Article Numbering Association – EAN International) және Солтүстік Америкалық (Uniform Code Council – UCC) тауар номерлері қауымдастығының негізінде құрылған жаһандық халықаралық жүйе.

Ұлттық нөмір ұйымдары GS1 жүйесін ұлттық немесе өңірлік деңгейде GS1 ресми өкілдері ретінде бір елде немесе елдер тобында пайдалануға құқылы. Бір елде немесе елдер тобында бір ғана GS1 өкілі болуы мүмкін. GS1 Kazakhstan автоматты түрде сәйкестендіру қауымдастығы GS1 мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының аумағында GS1 өкілі болып табылатын жалғыз нөмір ұйымы болып табылады.

14) GTIN дегеніміз не? Неліктен мен EAN 13 GTIN деп сенуге тиіспін?

Жауап. Сауда бірлігінің жаһандық нөмірі GTIN (Global Trade Item Number) – бұл 13 таңбалы электронды каталогтарда және ақпараттық жүйелерде пайдаланылатын тауардың халықаралық нөмірі.  GTIN (Global Trade Item Number) - американың UPC мен EAN орнына GS1 әзірлеген және қолдайтын таңбалаудың халықаралық коды және логистикалық бірлікті есепке алу.

European Article Number, EAN (еуропалық тауар нөмірі) -  тауарды және өндіруші сәйкестендіргішін кодтауға арналған еуропалық штрих-код стандарты. UPC америкалық стандарттың көбінен жоғары болып табылады.

15) Олар қайтадан жоғалып кетпеу үшін GS1-да деректерді қашан енгізе аламын?

Жауап. Қазір барлық жолдар бекітілді. Бұл бекітілген жолдарға тауар туралы деректерді енгізуге болады.

 

Әдістемелік сұрақтар

 

1. Жоба шеңберінде теріден тігілген малақайларды және басқа да бұйымдарды таңбалау керек пе?

Жауап. Жоқ, СЭҚ ТН 4303 тауар позициясы бойынша тері бұйымдары ғана (күзен, жаңғақ, түлкі, түлкі, қоян, қоян, қарақұйрық, қой терісі және басқа да түрлер) таңбалауға жатады, ал малақай СЭҚ ТН  65-тауар тобына жатады.

2. Ұсынылған СЭҚ ТН бойынша «басқа» деген түрге не жатады?

Жауап. СЭҚ ТН 4303 тауар позициясы бойынша тері бұйымдарынан басқа, осы тауар позициясына:

А) табиғи теріден;

Б) табиғи теріден жасалған астары бар басқа материалдардан;

В) табиғи тері сыртқы жағына жапсырылған (тері тек әрлеу болып табылатын жағдайдан басқа) басқа материалдардан жасалған киімнің бөліктері мен киімге керек-жарақ заттары (муфты, боа, галстуктар, жағалар және т.б.) жатады.

Мысалға, юбка, пальто және тағы с.с. жағасы және қайырма жағасы (жағасы немесе қайырма жағасы бүтін палериеа және болероға айналғанға дейін үлкейтілмеген жағдайда), жеңінің аузы немесе қалта жабындыларын әрлеу ретінде қолданған болып саналады.

Егер осы қосылған материалдар тері ретінде пластинаның негізгі қасиеттерін өзгертпеген жағдайда, басқа материалдар қосылған пластинаға тігілген (мысалы галуна ретінде) былғары, тон немесе жүн немесе түгімен бірге иленген бұйымдар осы тауар позициясына кіреді.

Сонымен қатар, табиғи тері бұйымдарынан жасалынған немесе негізгі қасиетті табиғи тері болатын бөлшектерді қоса, барлық басқа бұйымдар осы тауар позициясына кірдеді. Мысалы, кілем, жапқыш, іші бос пуфиктер, чемодан, әйелдердің сөмкесі, жауынгердің асатын сөмкесі, сондай-ақ техника немесе механикалық құрылғыларға немесе өнеркәсіптік мақсатта (мысалы, жылтыратуға арналған сүрткіштер, сылақшы валигіне арналған қап, бояу немесе декорлауға пайдаланылатын құрал) қолдануға арналған бұйымдар мен керек-жарақтар осы тауар позициясына кіреді.

Бұл тауар позициясында мыналар қамтылмайды:

а) 4202 тауар позициясының бiрiншi бөлiгiнiң өнiмдерi;

б) толығымен табиғи теріден тігілген қолғаптар, былғарыдан және табиғи теріден тігілген биялай және митенкалар (4203 тауар позициясы), олар осы тауар позициясына енгізілген;

в) 64 топтың бұйымдары;

г) 65 топтағы бас киімдері және олардың бөліктері;

д) 95 топ бұйымдары (мысалы, ойыншықтар, ойындар және спорттық инвентарь).

3. БсБ-ні тауарларға қалай басуға болады? Қайда желімдеу қажет? Ілінетінді - қайда ілу қажет? Егер БсБ жұлынып қалса, сынып қалса не істеу керек?

Жауап. Бірлескен бұйрықпен бекітілген Пилоттық жобаны іске асыру қағиадасына сәйкес БсБ-н түсірудің 3 тәсілі бар:

1) желімделетін, бақылау (сәйкестендіру) таңбасы, тауардың конструктивті элементіне, өздігінен желімделетін негізде, желімделеді (тігілген таңбалайтын құлақша). Бұл жағдайда, бақылау (сәйкестендіру) таңбасын түсіргенде, дайындаушы тіккен таңбалайтын құлақша тауарда болған және оған деформациясыз көрсетілген белгіні орналастыру үшін жеткілікті мөлшерде бос ашық жолы бар кезде орындалады. Бақылау (сәйкестендіру) таңбасын түсіру, осындай белгіні желім қабатынан қорғау жабынын ажырату және бұл белгіні таңбалайтын құлақшаның бос ашық жолына желімдеу жолымен орындалады;

2) жапсырылатын (ілетін), бақылау (сәйкестендіру) таңбасын бұйымның алдыңғы жағана түймелейтін тесігіне не ілмешегінің тесігіне пластикалық негізінде, бір реттік пломбылайтын элементтің көмегімен, ал олар болмаған жағдайда – тігілген ілмешегіне не ілмешегін ұстайтын тігілген торға металл шынжырша түрінде, металл пластина түрінде және басқа материалдардан түспейтін етіп бекітіледі. Бақылау (сәйкестендіру) таңбасын бекіту, бақылау (идентификацияланған) таңбасының икемді пломбы элементін өткізу жолымен ілмешегінің тесігі немесе бұйымның алдыңғы жағандағы түймелейтін тесігіне, тігілген ілмешегіне немесе тігілген тұзақ ілмешегіне және пломбылайтын элементтің бекіту құрылғысы жолымен орындалады, оны бұзбай ажырату мүмкін емес.

Егер БсБ-н жұлынған, бүлдірілген және тағы басқа жағадйларда, жою актісін толтыра отырып, «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де мәліметтерді енгізіп, БсБ-ді жою қажет, БсБ-н қайта шығару қажет.

4. Тауарлар РФ/БР келген болса, бірақ олар балансқа қойылмаса не істеуім керек? ҰАТ АҚ

Жауап. Алдымен, РФ/БР сатушысынан өзінің жүйесінде «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де бұл тауардың ҚР сатылғандығын нақтылап алу қажет. Егер бұл шын болса, бірақ тауар балансқа қойылмаса, мұндай проблемены шешу үшін Пайдаланушыға телефон арқылы 1414 «Тауарларды таңбалау» СБӨ-нің жеке кабинетіндегі тапсырыстың нөмірін, пайдаланушының БСН немесе ЖСН көрсете отырып тапсырыс қалдыру қажет. ЕКЦ операторы пайдаланушының сұрау салуын тіркейді, сонан соң Қызметтік қолдаудың 2-ші желісіне жолдайды.

5. Таңбаланбағаны үшін қандай да бір айыппұлдар қарастырылған ба?

Жауап. Пилоттық жоба кезеңінде жауапкершілік қарастырылмаған.

 

6. Нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, тауарларды таңбалау туралы толық ақпаратты қайдан табуға болады?

Жауап. Тері бұйымдарын таңбалау бойынша ҚР ҚМ МКК жауапты қызметкерлерінің телефондары +7 7172 71 80 10, +7 7172 71 81 95.

Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер ҚР ҚМ МКК-нің – 1414, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының – 1432 Байланыс орталығына жүгіне алады.

Тері бұйымдарын таңбалау туралы толық ақпарат ҚР ҚМ МКК-нің http://kgd.gov.kz/ және «Атамекен» ҰКП-ның http://atameken.kz/ сайтында орналастырылған.

7. Егер мен қалдықтарды мерзімі аяқталғанға дейін сатсам - қандай зардабы бар?

Жауап. Тері бұйымдарын таңбалау туралы келісімнің нормаларына сәйкес, БсБ жоқ тері бұйымдарын сатуға тыйым салынған, сондықтан тауарларды сатар алдында таңбалау қажет.

8. Егер менің ҚР және РФ дүкенім болса, тауарларды маған қалай беруге болады? Өзіңізге өзіңіз сату орынсыз ғой?

Жауап. «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де филиалдарға және өкілдіктерге тері бұйымдарын өткізілген жағдайда, қайта сату мәртебесі таңдалады, алайда бұл операция бухгалтерлік және салықтық есепте сатылған болып саналмайды, себебі бұл операция тауардың ішкі қозғалысы ретінде қарастырылады.

9. Егер 50% табиғи теріден және 50% - жасанды теріден болса, таңбаланатындарға қатысты нақты санаттар қандай?

Жауап. Таңбалануға тек қана СЭҚ ТН 4303 тауар позициясы бойынша тері бұйымдары (қара қүзен, саз құндыз, түлкі, үй қояны, қоян, жанат, қой және терінің басқа түрлері) жатады.

10. Тауарды филиалға/өкілдіктерге қалай беруге болады?

Жауап. «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де филиалдарға және өкілдіктерге берген жағдайда, қайта сату мәртебесі таңдалады, алайда бұл операция бухгалтерлік есепте сатылған болып саналмайды, себебі бұл операция тауардың ішкі қозғалысы ретінде қарастырылады.

11. Қалдықтарды таңбалаудың мерзімі ұзартылады ма?

Тауарлардың қалдықтарын таңбалаудың мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі таңбалау саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған.

12. Тауарлардың қалдықтарын қай күнге дейін таңбалауға болады?

Қалдықтарды таңбалауға пилоттық жоба іске қосылған күннен бастап (2017 жылғы 27 қараша) 90 күн беріледі.

13. Егер тауардың сипаттамасында қате жіберген кезде, не істеу керек? Түзетуге бола ма?

Иә, бұл рете Сізге тауар туралы анық деректердің есебін жүргізуді және сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстар сайтындағы тауардың сипатамасына (GS1 Қазақстан) өзгерістер енгізіп, GTIN алу қажет.

14. Тері бұйымдарын таңбалау міндетті болып табылады ма?

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15821 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 534, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 337, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 635 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 331 бірлескен бұйрығына сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тері бұйымдарын (СЭҚ ТН коды 4303) таңбалау міндетті.

15. Қандай жағдайда екінші деңгейдегі Эмитент БсБ-н дербестендіруден бас тартады?

1.    Тауарлар айналымында қатысушы Екінші деңгейдегі Эмитентпен жасалған шарттың талаптарын бұзуы.

2.    БсБ-н дербестендіру үшін төлемнің болмауы.

3.    Екінші деңгейдегі Эмитентпен жасалған шарттының болмауы.

16. Қай күнге дейін таңбалау ақпараттық ресурсына дербестендіру және тауарлар қалдықтарына БсБ-н беру туралы өтінішті беруге болады?

Тері бұйымдарын дербестендіруге және тауарлар қалдықтарына БсБ-н беру туралы өтінішті тапсыру мерзімі пилоттық жоба іске қосылған күннен бастап (2017 жылғы 27 қараша) күнтізбелік 90  күнді құрайды.

17. Қай күннен бастап қалдықтарды таңбалауға арналған БсБ жарамсыз болып саналады?

Тауарлар қалдықтарын таңбалау мерзімі аяқталғанға дейін тауарлардың қалдықтарын таңбалауды жүзеге асыруға арналған мәліметтер таңбалау ақпараттық ресурсына тапсырылмаған бақылау (сәйкестендіру) белгілері жарамсыз болып танылады.

Тауарлардың қалдықтарын таңбалауға арналған таңбалау туралы мәліметтер 2018 жылғы 25 ақпанға дейін таңбалау ақпараттық ресурсына тапсырылмаған бақылау (сәйкестендіру) белгілері жарамсыз болып танылады және бұдан былай пайдалануға жатпайды.

18. Қандай тауарлар таңбалаунуға тиіс?

     Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 4303 тауар позициясы бойынша (қара қүзен, саз құндыз, түлкі, үй қояны, қоян, жанат, қой, және терінің басқа түрлерінен) табиғи теріден жасалған қиімдер таңбалануға тиіс.

Бұл тауар позициясына:

А) табиғи теріден;

Б) табиғи теріден жасалған астары бар басқа материалдардан;

В) табиғи тері сыртқы жағына жапсырылған барлық басқа материалдардан жасалған киімнің заттары (тек тері әрлеу болып табылатын жағдайлардан басқа) жатады.

Мысалға, юбка, пальто және тағы с.с. жағасы және қайырма жағасы (жағасы немесе қайырма жағасы бүтін палериеа және болероға айналғанға дейін үлкейтілмеген жағдайда), жеңінің аузы немесе қалта жабындыларын әрлеу ретінде қолданған болып саналады.

19. Тауарларды немен таңбалайды?

Тауарлар бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен (БсБ) таңбаланады.

20. Бақылау (сәйкестендіру) белгілері деген не?

БсБ – кіріктірілген радиожиілік белгісін қамтитын тауарларды таңбалауға арналған қолдан жасаудан қорғау (қорғалған полиграфиялық өнім) элементтері (құралдары) бар қатаң есептілік бланкісі.

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің түрлері:

1. желімделетін

2. жапсырылатын (ілетін)

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің түсі тауар айнылымының енгізу әдісіне байланысты. Егер тауар Қазақстан Республикасының аумағында жасалса, бақылау (сәйкестендіру) белгісі жасыл түсті болады.

Егер тауар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінсе, бақылау (сәйкестендіру) белгісі қызыл түсті болады.

21. Бақылау (сәйкестендіру) белгілеріне қалай тапсырыс береде?

Бақылау (сәйкестендіру) белгілеріне тапсырыс беру үшін таңбалаудың ақпараттық жүйесіне тапсырыс беру, екінші деңгедегі эмитентпен (БсБ-н таңбалаушы) шартқа отыру  және оның көрсетілген қызметін төлеу қажет.

22. Кім БсБ (өндіруші) 1-деңгейдегі эмитент болып табылады?

ҚР Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы бақылау (сәйкестендіру) белгілерін өндірушісі болып табылады?

23. Кім БсБ (өндіруші) 2-деңгейдегі эмитент болып табылады?

«Isker Akparat» ЖШС пилоттық жобаның шеңберінде бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дербестендіруші болып табылады?

ЖШС-нің деректемесі: БСН 120540004887, заңды мекенжайы: Астана қ., Ташенова к-сі, 411 офис, ЖСК: KZ469261501166780000 (KZT) БСК: KZKOKZKX КБЕ 17 Казкоммерцбанк АҚ Ақмола филиалы, Байланыс: Байланыс телефондары +7 7172 45 67 87, электрондық пошта: info@akparat.kz, сайт www.i-akparat.kz. Шарттың үлгісі ЖШС-нің сайтында, сонымен қатар, «Атамекен» ҰҚП-ның http://atameken.kz/ МКК-нің сайтында http://kgd.gov.kz/ орналастырылған.

24. БсБ-н дайындау және дербестендіру қанша тұрады?

Дайындау – 310 теңге, дербестендіру - 90 теңге. Бағаға ҚҚС қосылған.

25. 2-деңгейдегі эмитенттің офисында БсБ-н алуға болады ма?

Иә болады, сондай-ақ компания қызметшісінен сенім хат арқылы алуға болады.

26. БсБ-н жеткізуді қайда рәсімдеуге болады?

БсБ-н жеткізу тапсырыс берушінің мекенжайына дербестендірілген күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

27. БсБ-н дербестендіру қанша мерзімде жүзеге асырылады?

2-деңгейдегі эмитент БсБ-н төлем түскен күннен бастап 2 жұмыс күн ішінде дербестендіреді.

28. БсБ-н жеткізгені үшін төлеу қажет пе?

Иә, жеткізгені үшін бөлек төленеді.

29. Бақылау (сәйкестендіру) белгілері қалай басылады?

Сіз бұйымға БсБ-нің түріне қарай желімдей аласыз немесе жабыстары аласыз.

БсБ-н басудың әдістері және тәртібі

а) желімделетін, бақылау (сәйкестендіру) таңбасы, тауардың конструктивті элементіне, өздігінен желімделетін негізде, желімделеді (тігілген таңбалайтын құлақша). Бұл жағдайда, бақылау (сәйкестендіру) таңбасын түсіргенде, дайындаушымен тігілген таңбалайтын құлақша тауарда болған және оған деформациясыз көрсетілген белгіні орналастыру үшін жеткілікті мөлшерде бос ашық жолы бар кезде орындалады. Бақылау (сәйкестендіру) таңбасын түсіру, осындай белгіні желім қабатынан қорғау жабынын ажырату және бұл белгіні таңбалайтын құлақшаның бос ашық жолына желімдеу жолымен орындалады;

б) жапсырылатын (ілетін), бақылау (сәйкестендіру) таңбасын бұйымның алдыңғы жағана түймелейтін тесігіне не ілмешегінің тесігіне пластикалық негізінде, бір реттік пломбылайтын элементтің көмегімен, ал олар болмаған жағдайда – тігілген ілмешегіне не ілмешегін ұстайтын тігілген торға металл шынжырша түрінде, металл пластина түрінде және басқа материалдардан түспейтін етіп бекітіледі. Бақылау (сәйкестендіру) таңбасын бекіту, бақылау (идентификацияланған) таңбасының икемді пломбы элементін өткізу жолымен ілмешегінің тесігі немесе бұйымның алдыңғы жағандағы түймелейтін тесігіне, тігілген ілмешегіне немесе тігілген тұзақ ілмешегіне және пломбылайтын элементтің бекіту құрылғысы жолымен орындалады, оны бұзбай ажырату мүмкін емес.

30. Қай кезде өндірушілер тауарларды таңбалауы тиіс?

Өндіруші осы тауарларды өткізуге (сатуға) ұсынғанға дейін тауарларды таңбаулауға міндетті.

31. Қай уақытта трансшекаралық сауда кезінде (ЕАЭО мүше мемлекеттерден тауарларды әкелген кезде) тауарларды таңбалау керек?

ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларға қазақстандық бақылау (сәйкестендіру) белгісімен таңбалаудың қажеті жоқ, тек мәліметтерді тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесіне енгізу керек.

32. Сатуға дайындық кезінде (химиялық тазалау), бақылау (сәйкестендіру) белгісін бүлдірген жағдайда, іс-әрекеттің тәртібі қандай?  

Тауардың иесі Қағидаға сәйкес ақпараттық жүйеге бақылау (сәйкестендіру) белгісінің бүлінгендігі туралы мәліметті хабарлайды және тауарды қайта таңбалайды.

33. Жеке тұлғаның тапсырысы бойынша тауарды жеке тігу кезінде таңбалану тәртібі қандай?

Бұл жағдайда тауар таңбаланбайды.

34. Бақылау (сәйкестендіру) белгісінде жазылған ақпаратта қателік анықталған кезінде, оған түзету енгізуге болады ма?

Ақпараттық жүйеге ақпаратты берген соң, бақылау (сәйкестендіру) белгісінде жазылған ақпараттағы қателікке өзгеріс енгізуге болмайды. Бақылау (сәйкестендіру) белгісі бүлінген (жоғалған) жағдайда ұқсас жаңа бақылау (сәйкестендіру) белгісіне ауыстыру қажет.

35. Комиссиялық сауда негізінде сатуға қойылған тауарлар таңбалауға жатады ма?

Жеке тұлғалармен жасалған шарттар негізінде тауарлар комиссиялық саудада сатуға ұсынған жағдайларда тауарлар таңбаланады.