Date of publication: 16.02.2015 23:35
Date of changing: 15.07.2015 10:29

115-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

Мыналар:

2) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушілермен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша шығыстарды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот қылмыстық деп анықтаған әрекет басталған күннен бастап жүргізілген шығыстар;

4) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша шығыстар;

257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы

3. Қосылған құн салығының сомасы мынадай жағдайларда:

1) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушімен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша;

2) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған мәміле (операция) бойынша есепке жатқызылмайды.

ТҮСІНІКТЕМЕ

Қаралып отырған норма тиісті тұлғаның әрекеттеріндегі айыбын сот тәртібінде анықтау қажеттілігі туралы растайды.

Осыған байланысты, қылмыстық құдалау органының ақтамау негіздері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысының қылмысты жасауда тұлғаның айыбын белгілейтініне назар аударған жөн.

Одан басқа, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 3-тармағының тәртібінде қылмыстық істі тоқтату ол бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылатын қылмысты жасауда айыпталушының өз кінәсін мойындауын болжайды.

Жазылғандарды растау есебінде «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 1 Нормативтік қаулысының (бұдан әрі - Нормативтік қаулы) 11, 17-тармақтарының ережелеріне назар аударайық, онда Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес қолданыстағы құқық болып танылған және тиісінше Қазақстан Республикасының барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады.

Сондықтан, Нормативтік қаулының 11-тармағына сәйкес егер қылмыстық іс бойынша жалған кәсіпорын құрған тұлға бухгалтерлік және салықтық есептің ережелері бойынша есепке алынбаған, тиісті құжаттарды ресімдемей белгісіз тұлғалардан сатып алынған тауарларды жалған кәсіпорынның атынан өткізгені анықталса, оның әрекеттері жалған кәсіпкерлік ретінде сараланады.

Бұл жағдайда жалған кәсіпорынның контрагенттерінен осы мәмілелер бойынша шығыстарынан шегерімдер және кірістерінен қосылған құн салығының сомалары алып тасталуы қажет.

Сондай-ақ, Нормативтік қаулының деректерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 24-бабының істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу туралы талаптарын ескере отырып, қылмыстық ізге түсу органдары жалған кәсіпкерлік жасады деп айыпталған тұлға құрған коммерциялық ұйымның барлық контрагенттерін анықтау үшін шаралар қолдануға және тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің шын мәнінде өткізілгеніне және ақысы төленгеніне қатысты істің мән-жайларын анықтауға міндетті деп регламенттелген.

Соттың айыптау үкімінде, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органының немесе соттың ҚК 192-бабы бойынша қылмыстық істі ақтамайтын негіздермен қысқарту жөніндегі қаулыларында жалған кәсіпорынның әрбір контрагентіне қатысты істің нақты мән-жайлары көрсетілуі тиіс.

Осылайша, сот талқылауы арқылы салық төлеуші тарапынан айыбы мойындалып және анықталып расталуының бар болуы сияқты және ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істердің қысқартылуы, оның Салық кодексінде сатып алушыларға қаралған ережелерді қолдануы үшін заңды негіздер болып табылады.