Date of publication: 16.02.2015 19:50
Date of changing: 20.07.2015 11:30

244-1-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу

...

3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдауды орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлемемен салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

...

6) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен уәкiлеттi орган бекiткен нысанда және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерiн растайтын қорытындысы.

Бұл ретте, Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамы осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

Аталған тармақшамен шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлемемен салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттардың бірі - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасының қорытындысы көзделген.

Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті болып табылатынын атап өту қажет.

ҚР Қаржы министрлігі көрсетілген тармақшаны іске асыру мақсатында, ҚР Көлік және коммуникация министрімен келісілген «Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы лауазымды тұлғасыныңшетелдік авиакомпаниялары әуе кемелерінің рейсін жүзеге асыру фактісі және әуежайлар өткізген жанар-жағармай материалдарының саны және оны ұсыну тәртібі туралы қорытындының нысанын бекіту туралы» 2013 жылғы 5 наурыздағы № 123 бұйрығын бекітті.

Осы бұйрықтың ережелеріне сәйкес салық қызметінің органы әуежайлардың қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізген кезде ұйғарымда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органының лауазымды тұлғасын қосады.

Бұл ретте, салықтық тексеруге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органының лауазымды тұлғасы салықтық тексерудің қатысушысы болып табылатын салық қызметі органының лауазымды тұлғасына салықтық тексерудің аяқталу күніне дейін күнтізбелік 30 күн қалған мерзімде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы лауазымды тұлғасыныңшетелдік авиакомпаниялары әуе кемелерінің рейсін жүзеге асыру фактісі және әуежайлар өткізген жанар-жағармай материалдарының саны туралы қорытындыны табыс етеді.

Аталған қорытынды бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ұсынылады.

Осылайша, салық органы әуежайға түсіндірме беріп отырған баптың 3-тармағымен көзделген барлық құжаттар болған кезде ҚҚС-тың асуын, оның ішіндешетелдік авиакомпаниялары әуе кемелерінің рейсін жүзеге асыру фактісін және өткізілген жанар-жағармай материалдарының санын растайтын авиация саласындағы уәкiлеттi органы лауазымды тұлғасының қорытындысын қайтарады.