Date of publication: 12.12.2015 16:20
Date of changing: 31.05.2016 11:12

СЭҚ қатысушысына арналған жаднама

1. Жалпы

Егер Сіз ЕАЭО мүше мемлекеттері болып табылмайтын үшінші елдерден шығарылған тауарларды 2015 жылғы 15 желтоқсаннан кейін әкелген болсаңыз, онда Сізге: Сіздің тауарыңыз Төмендетілген кедендік әкелу баждары қолданылатын тауарлар тізбесіне енетінін не енбейтінін айқындап алу қажет. Аталған тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналасқан.

Мұндай тауарлар бойынша kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін айналымның ерекше тәртібі белгіленген.

Анықтамалық:

«Кедендік әкелу баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, ставка мөлшерін және оларды қолдану мерзімін бекіту туралы» ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығы;

«ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР ҚМ 2015 жылғы 9 желтоқсандағы бұйрығы;

«Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ҚМ 2015 жылғы 9 желтоқсандағы бұйрығы;

«ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алудың кейбір мәселелері туралы» МКК 2015 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығы;

«Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО аумағына, оларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген ставкалары қолданылатын тауарларды әкетудің заңдылығы расталған кезде ҚР ҚМ МКК аумақтық органдарының лауазымды тұлғаларының өзара іс-қимыл регламентін бекіту туралы» МКК бұйрығы.

 

2. Тізбеге енгізілген тауарлардың импорты кезінде

Ішкі тұтыну үшін үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Тізбеге енгізілген тауарларға кедендік баждар төмендетілген ставкалар (ДСҰ) бойынша төленеді, ал ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкетуге арналған тауарлар бойынша кедендік баждар БКТ бойынша төленеді.

Сондықтан, Тізбеге енгізілген тауарды үшінші елден әкелген кезде, Сіз, әкелінген тауар Қазақстан Республикасының аумағында тұтынылатынын немесе ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетілетінін айқындауыңыз тиіс.

Егер Тізбеге енгізілген тауардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелінген және кедендік баждарды төлеу ДСҰ төмендетілген ставкалары бойынша жүргізілген жағдайда, және қалған бөлігі Ресей Федерациясының аумағына одан әрі әкетілсе және кедендік баждарды төлеу ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша жүргізілсе, онда мұндай тауарлар тауарларға арналған жеке декларациялар бойынша ресімдеуге жатады.

Кедендік баждарды төлеу ДСҰ төмендетілген ставкалары бойынша жүргізілетін Тізбеге енгізілген тауарларды айыру мақсатында Тауарларға арналған декларацияның реттік нөміріндегі 3 элементтің бірінші цифры 1 цифрынан басталады, ал кедендік баждардың төленуі ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша жүргізілген тауарларда Тауарларға арналған декларацияның реттік нөміріндегі 3 элементтің бірінші цифры 0 цифрынан басталады.

Кедендік баждарды төлеу ДСҰ төмендетілген ставкалары бойынша жүргізілген Тізбеге енгізілген тауарларды ЕАЭО мүше мемлекетке әкетуге тыйым салынады және Қазақстан Республикасының аумағында ғана айналымға жатады.

Естеріңізде болсын! Кедендік баждарды төлеу ДСҰ төмендетілген ставкалары бойынша жүргізілген тауар бойынша кедендік баждардың айырмашылығын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету мақсатында төлеу, мұндай тауарлардың әкетілуін кедендік ресімдегеннен кейін мүмкін емес.

 

3. Электрондық-шот фактураны жазып беру

Тізбеге енгізілген тауарларды СЭҚ-қа қатысушылар  Қазақстан Республикасының аумағында өткізген немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелген жағдайда шот-фактура тек электронды түрде ғана жазып беріледі, онда негізгі мынадай деректермелерді міндетті түрде толтыру қажет:

1. Төмендетілген ставкалармен (ДСҰ) кедендік бажды төлей отырып, ішкі тұтыну үшін үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізген кезде:

В бөлімінің 12-жолында – «ДСҰ» әріптері;

G бөлімінің 3-бағанында – тауарға арналған декларацияда көрсетілген СЭҚ ТН коды;

G бөлімінің 14-бағанында – тауарға арналған декларацияның нөмірі (мысалы, 50522/181215/0000021);

G бөлімінің 15-бағанында – Тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген, тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

2. ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша кедендік бажды төлеумен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізген кезде:

В бөлімінің 12-жолында – «БКТ» әріптері;

G бөлімінің 3-бағанында – тауарға арналған декларацияда көрсетілген СЭҚ ТН коды;

G бөлімінің 14-бағанында – тауарға арналған декларацияның нөмірі (мысалы, 50522/181215/0000021);

G бөлімінің 15-бағанында – Тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген, тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

3. ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша кедендік бажды төлеумен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды Ресей Федерациясының аумағында қайта сатусыз әкеткен кезде:

В бөлімінің 10-жолында Ғ ұяшықта жеткізушінің экспорттаушы болып табылатыны туралы белгі қойылады;

В бөлімінің 12-жолында – «БКТ» әріптері көрсетіледі;

С бөлімінің 20-жолында Тізбеге енгізілген тауар, оның аумағына әкетілетін ЕАЭО мүше мемлекеттердің әріптік коды көрсетіледі (RUS);

С бөлімінің 21-жолында Ғ ұяшықта, тауарды алушының резидент емес болып табылатыны туралы белгі қойылады;

«Межелі пункт» Е бөлімінің 28-жолында ЕАЭО мүше мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігі тауарды жеткізу орны болып көрсетіледі;

G бөлімінің 3-бағанында – тауарға арналған декларацияда көрсетілген СЭҚ ТН коды;

G бөлімінің 14-бағанында – тауарға арналған декларацияның нөмірі (мысалы, 50522/181215/0000021);

G бөлімінің 15-бағанында – Тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген, тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

4. ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша кедендік бажды төлеумен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген осындай тауар, импорттаушыдан сатып алынған, Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізген кезде:

В бөлімінің 12-жолында – «БКТ» әріптері көрсетіледі;

G бөлімінің 3-бағанында – импорттаушы жазып берген, ЭШФ-да көрсетілген СЭҚ ТН коды;

G бөлімінің 14-бағанында – импорттаушы жазып берген, ЭШФ-да көрсетілген, тауарға арналған декларацияның нөмірі (мысалы, 50522/181215/0000021);

G бөлімінің 15-бағанында – импорттаушы жазып берген, ЭШФ-да көрсетілген, тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

5. ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша кедендік бажды төлеумен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген осындай тауар, импорттаушыдан сатып алынған, Тізбеге енгізілген тауарларды Ресей Федерациясының аумағын әкеткен кезде:

В бөлімінің 10-жолында Ғ ұяшықта жеткізушінің экспорттаушы болып табылатыны туралы белгі қойылады;

В бөлімінің 12-жолында – «БКТ» әріптері көрсетіледі;

С бөлімінің 20-жолында Тізбеге енгізілген тауар, оның аумағына әкетілетін ЕАЭО мүше мемлекеттердің әріптік коды көрсетіледі (RUS);

С бөлімінің 21-жолында Ғ ұяшықта, тауарды алушының резидент емес болып табылатыны туралы белгі қойылады;

«Межелі пункт» Е бөлімінің 28-жолында ЕАЭО мүше мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бірлігі тауарды жеткізу орны болып көрсетіледі;

G бөлімінің 3-бағанында – импорттаушы жазып берген, ЭШФ-да көрсетілген СЭҚ ТН коды;

G бөлімінің 14-бағанында – импорттаушы жазып берген, ЭШФ-да көрсетілген, тауарға арналған декларацияның нөмірі (мысалы, 50522/181215/0000021);

G бөлімінің 15-бағанында – импорттаушы жазып берген, ЭШФ-да көрсетілген, тауардың реттік нөмірі көрсетіледі.

ЭШФ І бөлімінің 35-жолында импорттаушы жазып берген, ЭШФ 1-жолында көрсетілген, ЭШФ нөмірі көрсетіледі.

 

4. Тауарға арналған декларацияның және электрондық

шот фактуралардың тауарларға ілеспе құжаттары ретінде растау

 

Тізбеге енгізілген тауарды әкеткен жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы  № 640 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауарға арналған декларацияның көшірмелерін және электрондық шот фактуралардың тауарларға ілеспе құжаттары ретінде растау туралы мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру қажет.

Өтініш өтініш берушінің тіркеу есебінде тұрған Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік кірістер басқармасына беріледі.

Бұл ретте бұған Қарағанды облысының Жезқазған және Шығыс Қазақстан облысының Семей қалаларында мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеу есебінде тұрған, тіркеу есебі орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына Өтініш беруді құрайтын салық төлеушілер кірмейді.

Өтінішті мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы өтініштерді тіркеу журналында тіркейді және күнтізбелік бір күннің ішінде өтініш берушіге елтаңбалы мөрмен куәландырылған немесе оларды куәландырудан бас тартылған ұсынылған құжаттардың көшірмелері беріледі.

Ұсынылған өтініштің негізінде мемлекеттік кірістер органдары әкетілетін тауардың санымен ЭШФ ұсынылған құжаттардың көшірмелеріндегі (ішкі нарықта және экспортта осы тауардың сатылуын ескере отырып) оларды импорттау кезінде рәсімделген және оларға кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылған тауарға арналған декларацияда көрсетілген осы тауардың санына сәйкестігіне камералдық бақылау жүргізеді.

Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша:

- әкетілетін тауардың санымен оларды импорттау кезінде тауарға арналған декларацияда көрсетілген осы тауардың санына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ ЕАЭО Бірыңғай кедендік тариф ставкасы бойынша кедендік бажды төлеу фактілерін, электрондық шот-фактураның және тауарға арналған декларацияның көшірмелерін растау мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады;

- әкетілетін тауардың санымен ЭШФ ұсынылған құжаттардың көшірмелеріндегі (ішкі нарықта және экспортта осы тауардың сатылуын ескере отырып) осы тауардың санына оларды импорттау кезінде рәсімделген және/немесе төмендетілген ставкалар бойынша кедендік әкелу баждарын төлеу фактілерін растау сәйкес болмаған жағдайда, электрондық шот-фактураның және тауарға арналған декларацияның көшірмелерін растаудан бас тарту жүргізіледі.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттама күшіне енгенге дейін әкелінген Тізбеге енгізілген тауардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен жағдайда:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауарға арналған декларацияның көшірмелерін және электрондық шот фактуралардың тауарларға ілеспе құжаттары ретінде растау туралы мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру қажет.

Тізбеге енгізілген тауарлардың және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Хаттама күшіне енгенге дейін үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген осындай тауардың барлығын растау бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы өтініш.

Берілген өтініштің негізінде мемлекеттік кірістер органы ҚҚС дұрыс есептелу және төлену мәселелері бойынша тақырыптық тексеру тағайындайды, тексеру барысында мыналарды:

1) Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге арналған Тізбеге енгізілген тауардың қалғаны барлығы анықтығын;

2) Тізбеге енгізілген тауардың үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік декларациялау жүргізу фактісін анықтайды.

Тауарға арналған декларацияның және электрондық шот фактуралардың тауарларға ілеспе құжаттарының көшірмелері салық тексеруі аяқталғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей куәландырылады.