Date of publication: 16.02.2015 16:34
Date of changing: 20.07.2015 11:40

432-бап. Патент құнын есептеу

2. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде іс жүзінде алынған кіріссомасы есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен асса, дара кәсіпкер бес жұмыс күнінің ішінде асқан сомаға қосымша салықтық есеп түрінде есепті ұсынуға және осы сомадан салық төлеуді жүргізуге міндетті.

Осы тармақтың ережесі, егер іс жүзінде алынған кіріс сомасы Салық кодексінің 729-бабының 3) тармақшасында белгіленген кіріс мөлшерінен асқан жағдайда қолданылмайды.

Көрсетілген есептің негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.

ТҮСІНДІРМЕЛЕР

 

1. Аталған редакция 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста.

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін аталған тармақ мынадай редакцияда қоланылды:

«2. Егерпатенттің қолданылу мерзімі ішінде іс жүзіндегі кіріс есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен асса, дара кәсіпкер бес жұмыс күнінің ішінде асқан сомаға қосымша салықтық есепті ұсынуға және осы сомадан салық төлеуді жүргізуге міндетті.

Көрсетілген есептің негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.».

2. Салық кодексінің 432-бабының 2-тармағын қолдану үшін базалық бап Салық кодексінің 429-бабының 3) тармақшасы болып табылады, онда заң шығарушы шекті кіріс мөлшерін айқындады. Бұл ретте 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін шекті кіріс еңбекақының 200 еселік ең аз мөлшері көлемінде, ал 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақының 300 еселік ең аз мөлшері көлеміндебелгіленген.

3. Еңбекақының ең аз мөлшері тиісті жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджет туралы  заңға сәйкес айқындалады. Еңбекақының ең аз мөлшерін ескере отырып, шекті кіріс құрайды:

жыл

ЕАЕ мөлшері теңгемене

Шекті кіріс мөлшері теңгемене

2013

18660

3732000

2014

19966

5989800

2015

21364

6409200

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Аталған норманы қолдану кезінде кірістің үш түріне назар аудару керек: патент құнының есебінде мәлімделген кіріс, іс жүзінде төленген кіріс және Салық кодексімен белгіленген шекті кіріс.

5. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қосымша есеп ұсыну іс жүзіндегі кіріс есепте көрсетілген кіріс мөлшерінен асқан жағдайда да, сондай-ақ шекті кірістен асқан жағдайда да мүмкін болды.

2013 жылғы 1 қаңтардан кейін қосымша есепті ұсыну тек іс жүзіндегі кіріс есепте көрсетілген кірістен асқан, бірақ шекті кіріс мөлшерінен артық емесжағдайдамүмкін болды.

6. Шекті кіріс асқан кезде  дара кәсіпкер жалпы белгіленген тәртіпке немесе өзге арнайы салық режиміне ауысуы тиіс. Бұл ретте, заң шығарушы мұндай ауысу дара кәсіпкер салық салудың қандай режимін қабылдайтыны көрсетілген салық салудың қабылданатын режимі туралы хабарламаны тұратын жері бойынша салық органына ұсыну жолымен жүзеге асырылатынын айқындады.

7. Заң шығарушы шекті кіріс асқан күннен бастап бес жұмыс күнінде мұндай хабарламаны беру уақытын шектеді.

Бұл ретте Салық кодексінің 33-бабына сәйкес мерзім іші іс жүзінде болған оқиғадан немесе заңды әрекеттен кейінгі күннен басталады.

 «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында  белгіленген демалыс және мереке күндерін есептеместен  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес айқындалған күн жұмыс күні болып табылады.

1-ЖАҒДАЙ

2014 жылғы 10 қыркүйекте, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоланылу мерзімімен патенті бар, мәлімделген кірісі  5 000 000 теңге дара кәсіпкер шекті кірісті 210 000 теңгеге асырды.

ҚОРТЫНДЫ:

5 жұмыс күні  11 қыркүйектен бастап айқындалатынын, ал 2014 жылғы 13 және 14 қыркүйек демалыс күні болатынын ескеріп, онда  жалпы белгіленген тәртіпке немесе өзге арнайы салық режиміне ауысу үшін салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарламаны  ұсыну 2014 жылғы 17 қыркүйектен кеш емес болуы тиіс.

8. Заң шығарушы Салық кодексінің 431-бабының 6-тармағында шекті кірістің асуы туындаған айдың бірінші күні дара кәсіпкердің жалпы белгіленген тәртіпке немесе өзге арнайы салық режиміне ауысу күні етіп белгіленген. Ал осындай асып кету туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні патенттің негізінде арнайы салық режимін қодану тоқтатылған күн болып табылады.

2-ЖАҒДАЙ

дара кәсіпкер 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 31 желтоқсанкезеңіне патент алды. Бұл ретте 4 500 000 теңге мөлшерінде кіріс мәлімделді.2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 15 қазан аралығында аталған дара кәсіпкердің кірісі 4 300 000 теңгені құрады. Бұдан басқа, 2014 жылғы 16 қазанда дара кәсіпкер 1 500 000 теңге сомасында тауарды іске асырды.

 

ҚОРТЫНДЫ

Кіріктің асып кетуі 16 қазанда болғандықтан патенттің негізінде арнайы салық режимін қолдануды тоқтату күні 2014 жылғы 30 қыркүйек болып табылады, ал жалпы белгіленген тәртіпті немесе өзге арнайы салық режимін қолдану басталған күн 2014 жылғы 1 қазан болып табылады.

9. Салық кодексінде белгіленген шарттарға сәйкес келмеу жағдайында салық салудың қолданылатын режимі туралы хабарламаны ұсынбау арнайы салық режимін қолдану үшін енгіз болып табылмайды, себебі бұл жағдайда арнайы салық режимінен жалпы белгіленген тәртіпке автоматты түрде ауыстыру көзделген. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 270-бабының 1 және 2-бөліктерінде заң бұзушылықпен режимді қоланған жағдайда әкімшілік жауапкершілік белгіленген.