Date of publication: 05.12.2018 15:09
Date of changing: 05.12.2018 15:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Өзбекстан – Қазақстан Мемлекеттік шекараларындағы өткізу пунктерінде автокөлік кептелісін реттеу бойынша шаралар

        Өзбекстан – Қазақстан Мемлекеттік шекараларындағы өткізу пунктерінде автокөлік кептелісі мәселесін шешу мақсатында, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті (әрі қарай - Өзбекстан Республикасының МКК), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (әрі қарай – ҚР ҚМ МКК) және ҚР ҚМ МКК Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (әрі қарай - ҚР ҚМ МКК Түркістан облысы бойынша МКД) ай сайын екіжақты кездесу өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Мамин,  Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Жуманиязович Раматов және ҚР ҚМ МКК Төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының қатысуымен екіжақты кездесу өтіп, өткізу пунктерін жаңғыртып, жетілдіру мәселесі, автокөлік кептелісі және т.б. сұрақтар талқыланды.

Ағымдағы жылдың 29-30 қазанында ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары Әмрин Ғұсман Кәрімұлы, Өзбекстан Республикасының МКК бірінші орынбасары Арипов Джасур Алимович және ҚР ҚМ МКК Түркістан облысы бойынша МКД басшысы Тілегенов Әлібек Балықбайұлы, сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен осындай екіжақты кездесу өткізіліп, шекарадағы автокөлік кептелісіне байланысты мәселелерді шешу мақсатында, Өзбекстан – Қазақстан шекарасындағы автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыстарына аналитикалық шолу жасалынып, басқа да сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 қарашасында өткізілген екіжақты кездесуге Өзбекстан Республикасының МКК бірінші орынбасары Арипов Джасур Алимович, Өзбекстан Республикасының Ташкент облысы бойынша МКК Басқарма бастығы Чориев Отабек Бобомуратович, ҚР ҚМ МКК Түркістан облысы бойынша МКД басшысы Тілегенов Әлібек Балықбайұлы, ҚР ҚМ МКК Түркістан облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Саудабаев Елдос Ермағамбетұлы, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің 2020 ә/б командирінің орынбасары Каримов Ермек Абылқаирұлы, сонымен қатар, «Яллама» (Өзбекстан Республикасы) және «Б.Қонысбаев» (Қазақстан Республикасы) кеден бекеттерінің басшылары қатысты. Бұл кездесуде «Яллама» және «Б.Қонысбаев» шекаралас өткізу пунктеріндегі автокөлік кептелісі сұрақтары, автокөлік құралдарын Өзбекстан – Қазақстан Мемлекеттік шекараларындағы басқа да өткізу пунктеріне бөлу мүмкіндігі және басқа сұрақтар талқыланып, аймақ бөлімшелері басшылары деңгейінде тұрақты бақылау жүргізіп, орын алған мәселелер мен жағдайларды жедел шаралар қабылдау жолымен шешу (телефон және басқа да қолайлы байланыс түрлерімен) туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Өзбекстан – Қазақстан Мемлекеттік шекараларындағы өткізу пунктеріндегі автокөліктерінің ағынын бірқалыпты бөлу мүмкіндігі туралы келісімге келіп, бұл мақсатта, әр Мемлекет өзінің уәкілетті министрліктері мен ведомстволармен, сонымен қатар, шаруашылық бірлестіктер мен компаниялармен аталған сұрақтарды шешу бағытында жұмыс жүргізеді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)