Question: 
<p>«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес салық төлеушілер мониторинг мәмілері бойынша&nbsp; қандай есептілік ұсынады?</p>
Answer: 

Трансферттік баға белгілеу туралы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес Тізбесін уәкілетті орган бекітетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар мәмілелер мониторингіне жатады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы Бұйрығымен халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесі бекітілген.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 бұйрығымен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларының 1-бөлімінің 2-тармағына сәйкес мәмілелер мониторингін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер қызметі органдары (бұдан әрі - салық қызметі органдары) мәмілеге қатысушылар қолданатын бағаларға бақылау жүргізу жолымен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабына сәйкес халықаралық іскерлік операциалар бойынша ақпарат тауарлар (жұмыстар, қызметтер) халықаралық іскерлік операциалар Тізбесіне сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер), Қазақстан Республикасының «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген.