Date of publication: 18.10.2016 11:09
Date of changing: 04.02.2022 14:37

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы
ереже
 

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы (бұдан әрі - Орталық кеден зертханасы) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік сараптамаларды жүргізу бойынша функцияларды және өзге функцияларды орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мамандандырылған мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а.27.07.2018 №338 бұйрықтарымен.

      2. Орталық кеден зертханасы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Орталық кеден зертханасы республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Орталық кеден зертханасы өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Орталық кеден зертханасы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар ретінде түсуге құқылы.

      6. Орталық кеден зертханасы өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталық кеден зертханасы актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Орталық кеден зертханасының құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.

      8. Орталық кеден зертханасының заңды мекенжайы: пошта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 60.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 08.05.2019 № 202 бұйрығымен.

      9. Орталық кеден зертханасының толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Орталық кеден зертханасының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Орталық кеден зертханасы қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Орталық кеден зертханасына кәсіпкерлік субъектілермен Орталық кеден зертханасы функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. Егер Орталық кеден зертханасына заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.

2. Орталық кеден зертханасының міндеттері, функциялары,
құқықтары және міндеттемелері

      14. Орталық кеден зертханасының міндеттері:

      1) өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;

      2) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

      3) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету;

      4) кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдарына, құжаттарға, басқа да объектілерге, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес оларды сыныптау үшін кедендік сараптама және зерттеу жүргізу;

      6) Орталық кеден зертханасының құзыретіне сәйкес қызметтің лицензияланған түрлерін жүзеге асыру;

      7) сараптама қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауда көмек көрсету;

      9) сараптама қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;

      9-1) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу";

      10) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 28.07.2021 № 468 бұйрығымен.

      15. Орталық кеден зертханасының функциялары:

      1) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;

      2) өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ақпараттық жүйелер арқылы басқа мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      4) лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру;

      5) Орталық кеден зертханасы қызметінде сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, жетілдіру және енгізу;

      6) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдарына, құжаттарға, сондай-ақ басқа да объектілерге кедендік сараптаманы және зерттеуді жүзеге асыру;

      7) аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін ведомстволық, жеке, дозиметриялық бақылауды жүргізу;

      8) Орталық кеден зертханасы өлшеу құралдарының метрологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      9) стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың өзектендіруін қамтамасыз ету және сатып алу;

      10) кеден ісі саласындағы сараптама қызметі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру;

      11) зертханааралық салыстыру және (немесе) салыстырмалы сынақтарды өткізу;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес сынақ зертханасы ретінде құзыреттілікті растауға арналған іс-шараларды жүзеге асыру;

      13) Орталық кеден зертханасы қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстарды жолдау;

      14) Орталық кеден зертханасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      15) Орталық кеден зертханасы қызметінің саласындағы әдістемелік құжаттарды әзірлеу;

      15-1) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 17.09.2019 № 427; 28.07.2021 № 468 бұйрықтарымен.

      16. Орталық кеден зертханасының құқықтары мен міндеттемелері.

      Құқықтары:

      1) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан Орталық кеден зертханасына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын пайдалануды жүзеге асыруға;

      3) Комитетке кеден ісі саласындағы сараптама қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) өз құзыреті шегінде тәуекел бейіндерін әзірлеуге және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысуға;

      5) Орталық кеден зертханасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат және түсіндірулер беруге;

      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

      7) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      Міндеттемелер:

      8) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысу;

      9) кеден сарапшысының (сарапшының) қорытындысына сұрақтар қойылмаған кедендік мақсаттар үшін маңызы бар мән-жайлар туралы тұжырым енгізу;

      10) олардың ұйғарымдылығы және дұрыстығы сақталған кезде кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерге зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде кеден сарапшысының (сарапшының) қорытындысын ұсыну;

      11) кедендік сараптама жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтерді таратпау, оларды өзге де мақсаттарда пайдаланбау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермеу;

      12) белгіленген кедендік сараптаманы жүргізу мерзімдерін сақтау;

      13) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды дербес анықтау, жолын кесу, ескерту бойынша жұмыстар жүргізу;

      14) Орталық кеден зертханасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларын жүргізу;

      14-1) материалдармен танысу, ұсынылған сынамалар мен үлгілерге олардың жарамдылығы мен дұрыстығы сақталған кезде зерттеу жүргізу, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерін сақтау";

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 28.07.2021 № 468 бұйрығымен.

3. Орталық кеден зертханасының қызметін ұйымдастыру

      17. Орталық кеден зертханасы тікелей Комитетке бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.

      18. Орталық кеден зертханасына басшылық етуді Орталық кеден зертханасына жүктелген міндеттерді орындау және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болатын Басшы жүзеге асырады.

      19. Орталық кеден зертханасының басшысын Комитеттің төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

      20. Орталық кеден зертханасының басшысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Орталық кеден зертханасы басшысы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) өз орынбасарларының, Орталық кеден зертханасы қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Орталық кеден зертханасының штат санының лимиті шегінде Орталық кеден зертханасының штаттық кестесін бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық кеден зертханасының қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

      5) Орталық кеден зертханасының штат саны лимиті шегінде Орталық кеден зертханасының ережесін бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Орталық кеден зертханасы басшысы орынбасарларының, қызметшілерінің іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар үшін дербес жауапкершілікте болады;

      8) Комитетке ұсынылатын ақпараттардың дұрыстығы үшін дербес жауапкершілікте болады;

      9) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Орталық кеден зертханасын білдіреді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Орталық кеден зертханасының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Орталық кеден зертханасының мүлкі

      22. Орталық кеден зертханасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Орталық кеден зертханасының мүлкі оның меншігіне берілген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған меншікті (ақшалай кірістерді қоса алғанда) қызмет нәтижесінде және өзге көздерден алынған мүліктің есебінен қалыптастырылады.

      23. Орталық кеден зертханасына бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Орталық кеден зертханасы оған бекітілген мүлікті және Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Орталық кеден зертханасын қайта ұйымдастыру және тарату

25. Орталық кеден зертханасының қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.